7 қыркүйек 2022 2454

Satbayev University қызметкерлері үшін ағылшын тілі курстарына қабылдау ашылды

Satbayev University қызметкерлері үшін ағылшын тілі курстарына қабылдау ашылды

Жобаларды Басқару Институтының "Шет тілдері" кафедрасы Satbayev University қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі курстарына қабылдаудың басталғанын хабарлайды!

Біз жаңадан бастаушылар үшін де, тіл үйренуді жалғастырушылар үшін де әртүрлі деңгейлерді ұсынамыз. Сондай-ақ, IELTS-қа дайындық та қарастырылған. Курс оқытушылары шетелдік дипломдарға, көпжылдық тәжірибе мен халықаралық сертификаттарға ие жоғары білікті мамандар.

Әрбір заманауи адамның өмірінде ағылшын тілінің рөлі айқын және сөзсіз. Ағылшын тілі ғылым, инновация, бизнес, тіпті интернеттің тілі екенін ескерсек, аталмыш тіл біз үшін шетелдіктермен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар лингва-франка - түрлі мәдениеттердің өкілдерімен де жалпы байланыс құралы болып табылады.

Топтық дәрістер аптасына 2 рет 90 минуттан оффлайн форматында өтеді:

  • Beginner English
  • Elementary English
  • Pre-Intermediate English
  • Intermediate English
  • Upper-Intermediate English
  • IELTS (Upper Intermediate және жоғары деңгейлер үшін)

English Club шетелдік оқытушымен жұмыс істейді.

Ағылшын клубы ана тілінде сөйлейтін адаммен де жұмыс істейді. 

Курстар ұзақтығы – 4 ай (12.09.2022-30.12.2022.) 

Курс бағасы – айына 20 000 теңге.

IELTS курсының бағасы – айына 30 000 теңге.

Таңертеңгі уақыттағы топтар:

  • Дүйсенбі, сәрсенбі: 07:15 - 08:45.
  • Сейсенбі, бейсенбі: 07:15 - 08:45.

Кешкі уақыттағы топтар:

  • Дүйсенбі, сәрсенбі: 18:00 - 19:30.
  • Сейсенбі, бейсенбі: 18:00 - 19:30.

Курстарға қабылдау диагностикалық тестілеуден өту кезінде жүзеге асады, тестілеу 2022 жылдың 9 қыркүйегіне дейін жүреді.

Сабақтардың басталу мерзімі – 12 қыркүйек, 2022 ж. 

Курстарға тіркелу

Диагностикалық тестілеу

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: Мақашева Сәния, WhatsApp: +7 778 713 39 92,  s.makasheva@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.