23 ақпан 2023 2425

Satbayev University логистика бойынша II Халықаралық студенттік олимпиадаға шақырады

Satbayev University логистика бойынша II Халықаралық студенттік олимпиадаға шақырады

Логистика бойынша II Халықаралық студенттік олимпиада 15 наурыз  2023 жыл, сағат 14:00-де  (Алматы қ. уақыты) сырттай нысанда, онлайн өтеді.

Олимпиада мақсаты -  жүктерді тасымалдау, көлік инфрақұрылымы және жеткізу тізбегін басқару саласында студенттердің кәсіби дамуына ықпал ету және шығармашылық, ғылыми белсенділігін ынталандыру.

ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыты

Іс шаралар

15.03.2023

сағ. 14.00-17.00

Олимпиада тапсырмасын орындау

15.03.2023- 17.03.2023

Орындалған тапсырмаларды тексеру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жұмысы

20.03.2023

Нәтижелерді, грамоталарды пдф форматында тарату

Таратылымға қосылу

 

Қатысу ережелері:

Жұмыс тілдері: казақ, орыс, ағылшын.

Тапсырма: тесттер, есептерден құралған. Тапсырманың әр блоктарында (Көлік логистикасы, Жеткізу тізбегін басқару, Тасымалдауды ұйымдастыру, Қорларды басқару) 15 сұрақтан тұратын жалпы 60 сұрақты қамтиды. Әрбір келесі сұрақ алдыңғы сұраққа жауап беру кезінде ашылады.

Студенттерден құралған командалар қатысады. Бір командада 2 қатысушыдан  артық емес қатысуға рұқсат етіледі.

Жеке және командалық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.

Максималды балл – 60. Орындалу уақыты – 90 минут.

Олимпиадаға қатысу үшін өтінімді 2023 жылғы 12 наурызға дейін олимпиада үйлестірушісі Салтанат Болатқызы поштасына e-mail: s.bolatkyzy@satbayev.university жіберіңіздер.

Өтініш формасы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту