Satbayev University логистика бойынша III Халықаралық студенттік олимпиадаға шақырады
Логистика бойынша III Халықаралық студенттік олимпиада 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 14:00-де онлайн форматта өтеді.
Олимпиада мақсаты - жүктерді тасымалдау, көлік инфрақұрылымы және жеткізу тізбегін басқару саласында студенттердің кәсіби дамуына ықпал ету және шығармашылық, ғылыми белсенділігін ынталандыру.
Олимпиада бағдарламасы
Уақыты |
Іс шаралар |
24.04.2024 Сағат 14.00-17.00 |
Олимпиада тапсырмасын орындау |
24.04.2024 - 27.04.2024 |
Орындалған тапсырмаларды тексеру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жұмысы |
30.04.2024 |
Нәтижелерді пдф форматында тарату |
Қатысу ережелері:
Олимпиада Polytechonline.kz платформасында өтеді.
Өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Тапсырма: тесттер, есептерден құралған. Тапсырманың әр блоктарында (Көлік логистикасы, Жеткізу тізбегін басқару, Тасымалдауды ұйымдастыру, Қорларды басқару) 15 сұрақтан тұратын жалпы 60 сұрақты қамтиды. Әрбір келесі сұрақ алдыңғы сұраққа жауап беру кезінде ашылады.
Студенттерден құралған командалар қатысады. Бір командада 2 қатысушыдан артық қатысуға рұқсат етілмейді.
Жеке және командалық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.
Максималды балл – 60.
Олимпиадаға қатысу үшін өтінімді 2024 жылдың 20 сәуіріне дейін олимпиада үйлестірушісі Оразымбетова Ақмарал Шыныбекқызы поштасына жіберіңіздер. e-mail: a.orazymbetova@satbayev.university.