Ақпарат:

17 наурыз 2025 1270

Satbayev University логистика бойынша IV Халықаралық студенттік олимпиадаға шақырады

Satbayev University логистика бойынша IV Халықаралық студенттік олимпиадаға шақырады

Логистика бойынша IV Халықаралық студенттік олимпиада 2025 жылдың 26 наурызында сағат 12:00-де  онлайн  форматта өтеді.

Олимпиада мақсаты -  жүктерді тасымалдау, көлік инфрақұрылымы және жеткізу тізбегін басқару саласында студенттердің кәсіби дамуына ықпал ету және шығармашылық, ғылыми белсенділігін ынталандыру.

Олимпиада бағдарламасы

Уақыты

Іс шаралар

26.03.2025

 12.00-15.00

Олимпиада тапсырмасын орындау

26.03.2025

- 29.03.2025

Орындалған тапсырмаларды тексеру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жұмысы

02.04.2025

Нәтижелерді пдф форматында тарату

Таратылымға қосылу

 

Қатысу ережелері:

Олимпиада Polytechonline.kz платформасында өтеді.

Өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Тапсырма: тесттер, есептерден құралған. Тапсырманың әр блоктарында (Көлік логистикасы, Жеткізу тізбегін басқару, Тасымалдауды ұйымдастыру, Қорларды басқару) 15 сұрақтан тұратын жалпы 60 сұрақты қамтиды. Әрбір келесі сұрақ алдыңғы сұраққа жауап беру кезінде ашылады.

Студенттерден құралған командалар қатысады. Бір командада 2 қатысушыдан  артық қатысуға рұқсат етілмейді.

Жеке және командалық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.

 Максималды балл – 60. 

Олимпиадаға қатысу үшін өтінімді 2025 жылдың 20 наурызына дейін олимпиада үйлестірушісі Оразымбетова Ақмарал Шыныбекқызы поштасына жіберіңіздер.  e-mail:   a.orazymbetova@satbayev.university.

Өтініш формасы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту