Ақпарат:

29 шілде 2025 265

Satbayev University – Маңғыстау облысының ғылыми техникалық дамуы туралы стратегиялық талқылауға платформа болды

Satbayev University – Маңғыстау облысының ғылыми техникалық дамуы туралы стратегиялық талқылауға платформа болды

Satbayev University базасында Маңғыстау облысы әкімдігі мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаның құрылымын талқылау.

Бағдарлама бес басым бағытты қамтиды: табиғи ресурстарды ұтымды игеру; мұнай-газ химия кешенін дамыту; тұрақты сумен қамтамасыз ету; экологиялық мониторингті цифрландыру; жоғары технологиялық салалар үшін кадрлық қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін заманауи құралдар қолданылмақ: геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), жасанды интеллект технологиялары, сондай-ақ білім беру және кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту көзделген. Бұл шаралар басқару үдерістерін цифрлық трансформациялауға, табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаны жүзеге асыру өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Бұл – ресурстарды терең өңдеу, өндірістерді цифрландыру және жаңа шикізат көздерін тарту арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, жалпы өңірлік өнімнің артуы, салық түсімдерінің (қоса алғанда ЖЖТ, КТС және экологиялық алымдар бойынша), стратегиялық және венчурлік инвестициялардың өсуі, импортты алмастыру мен жоғары қосылған құны бар өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру болжануда.

Бағдарлама мұнай-химия, геология, ақпараттық және су технологиялары сияқты салаларда жоғары технологиялық жұмыс орындарын құру арқылы өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары мен тағылымдамалар арқылы білікті мамандар даярлауға, шикізаттық монопрофильдерге тәуелділікті төмендетуге, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және экологиялық қауіпсіздік салаларындағы инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріледі.

Экологиялық аспектте айналаны бақылау бойынша цифрлық жүйелерді — жерсеріктерді, дрондарды және жасанды интеллектіні пайдалану арқылы енгізуге, су ресурстарын тұйық су айналымы арқылы тиімді пайдалануға, техногендік жүктемені азайтуға және көміртексіз жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар экожүйелерді қалпына келтіру, экотуризм мен табиғи қызметтерді дамыту қарастырылған.

Институционалдық даму геоақпараттық жүйелерді, цифрлық егіздерді және бейінді деректер базасын қолдану арқылы табиғи ресурстарды пайдалану бойынша цифрлық платформаны құруды қамтиды. Аймақ технология трансферінің орталығы және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, ESG-күн тәртібі, сондай-ақ цифрландыру, ғылым және индустрияландыру салаларындағы ұлттық жобаларды жүзеге асыруға интеграциялану орталығы ретінде таныстырылып отыр.

 

Осылайша, бағдарлама Маңғыстау облысын ғылыми-технологиялық көшбасшылыққа, тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке негізделген кешенді трансформациялаудың стратегиялық негізіне айнала алады. Бұл бағдарлама ресурс базасын жаңғыртуға, жаңа өндірістік кластерлерді қалыптастыруға, басқаруды цифрландыруға, кадрлар даярлауға және орнықты өсуге жағдай жасайды. Жоба қазіргі сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында болашақ аймақтың архитектурасын қалыптастырады, Маңғыстаудың жаңа — жоғары технологиялық, экологиялық жауапты және инвестициялық тартымды өңір ретіндегі келбетін айқындайды.

Талқылауға геология, гидрогеология, мұнай химиясы және цифрлық технологиялар саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Атап айтқанда: академик Малис Абсаметов, Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры Ерғали Әуелхан, ҚР ҰҒА академигі, профессор Ауез Әбетов, Жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастық орталығының жетекшісі Данияр Әліпбаев.

Маңғыстау облысы әкімдігінен: әкім аппараты басшысының орынбасары Даниял Шманов, Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Абай Естекбаев, Инвестициялық саясат және индустриялық-инновациялық даму бөлімінің жетекші маманы Әлібек Әділқожа қатысты.

Қатысушылар құрамының кеңдігі мен сараптамалық деңгейі ұсынылған бастамаларды жан-жақты талдауға және пікірталасқа практикалық сипат беруге мүмкіндік берді.

Кездесу барысында негізгі жобаларды ғылыми сүйемелдеу, цифрлық шешімдерді енгізу және аймақтың басым салалары үшін кадрлар даярлау бойынша ұсыныстар айтылды. Тараптар көрсетілген бастамаларды одан әрі іске асыру мен өзара іс-қимылға дайын екендіктерін растады.

Іс-шара Маңғыстау облысы әкімдігі мен Жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастық орталығы арасындағы тұрақты даму мәселелері бойынша белсенді серіктестік аясында ұйымдастырылды.

Satbayev University – Маңғыстау облысының ғылыми техникалық дамуы туралы стратегиялық талқылауға платформа болды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту