26 наурыз 2019 2791

Satbayev University-нде «PhilHappy» шарасы өтті

Satbayev University-нде «PhilHappy» шарасы өтті

2019 жылғы 18 наурызда А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы және Satbayev University студенттері бірлесіп, жыл сайынғы «PhilHappy» («Бақыт Философиясы») флешмобын биылғы Қазақстан Елбасының «2019 жылы – Жастар жылы» бағдарламасы аясында ұйымдастырды.

Білім алушылар тек оқу процесімен ғана студенттік өмірін өткізбейді. Жалпы, студенттік өмір кез келген білім алушыға тұлға болып қалыптасуға, креативті ойлауға және өз өнерін көрсетуге көп мүмкіндік береді. Студенттік шақ барлығымызға да ыстық. Осы жағдайды ескере отырып, «PhilHappy» шарасы «әр сәтті өзіңе тиімді пайдалана отырып, өз бақытыңды қалыптастыра біл» деген тұжырымды тағы ескертті.

Бұл шараның басты мақсаты – жастар арасында көктемгі позитивті көңіл күйді, креативті ойлау және шығармашылық ортаны бекіту. Студенттердің өнерімен қатар, кафедра тарапынан Book-crossing ұйымдастырылды. Осы шараға ат салысқан Satbayev University студенттері өз дарындылығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшелінді.

Шараның жүргізушілері – Сұлтанбаева Гузал мен Оразқұлова Маржан көрермендерді «Сіз үшін Бақыт дегеніміз не?» деген сұрақтарды қоя отырып, көрермен студенттерді өз ойларымен бөлісуге шақырды. Бақыт туралы әдемі ән салған Хайбулла Саят барлық көрермендердің көңілінен шыға білді. Қазақтың көне аспабы қобызбен қазіргі таңдағы отандық және шетелдік әндерді әдемі орындаған Ағыбаева Мереке тыңдармандарды бір сүйсіндірді. Жапбар Сүйіндік, Қалыбай Әділет, Жантас Мұқағали, Жарқынбек Батыржан көңілді де тапқыр әзілдерімен керермендердің көңілін көтерді. «Нағыз қазақ – домбыра» демекші, домбыраның қоңыр үнін шығара білген Тасыбеков Димаш халықты бір марқайтты. Саймасай Нұрқанат және Қанатов Диас барлығымызға тиесілі керемет сезім – махаббат туралы авторлық әнін орындап, халықты таң қалдыра білді.

Шараның соңында сөз алған кафедра меңгерушісі Ақатаева Алия қатысушы студенттерді Алғыс хатымен марапаттады. Шара барысында бақыт туралы өз ойларымен бөліскен және әртүрлі конкурстардың жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту