Satbayev University өкілдері еліміздің үздік педагогтары мен үздік жас ғалымдарының қатарына енді
2023 жылғы 26 мамырда Астанада "Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері" атты ғылыми-тәжірибелік VIII халықаралық конференция өтті. Конференцияны "Бөбек - ұлттық қозғалыс" ғылыми-қоғамдық ұйымы ұйымдастырды, оның өкілдері "ТМД үздік педагогы" және "ТМД Үздік жас ғалымы" халықаралық байқауының жеңімпаздарына медальдар мен дипломдар табыс етті.
Қазақстанның үздік жас ғалымдарының қатарына Т.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының екінші оқу жылының докторанты Назерке Бердіқұл кірді. Ол II дәрежелі дипломмен және "ТМД – ның Үздік жас ғалымы-2023"төсбелгісімен марапатталды.
"ТМД - ның үздік педагогы-2023" төсбелгісін ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін "Политех" профессоры Кенжебек Ақмалайұлы алды, ол құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру саласында жас ғалымдарға басшылық жасап, қолдау көрсетені үшін марапатталды.
Назерке Бердіқұл Гедимин атындағы Вильнюс техникалық университетінде (Литва) шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтіп, тағылымдама қорытындысы бойынша "Тиімді химиялық қоспаларды пайдалану есебінен ұсақ түйіршікті бетондардың пайдалану қасиеттерін арттыру" мақаласын жариялады, сондай-ақ өзінің өнертабысына патент алды. Ғылыми жұмыстың нәтижелері "Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері" конференциясында ұсынылды.