Satbayev University өкілдері Erasmus+ EMINReM жобасының халықаралық кездесуіне қатысты

6–11 сәуір аралығында Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде Erasmus+ EMINReM жобасының біліктілікті арттыру бойынша сараптамалық бағдарламасы мен төртінші үйлестіру кеңесі өтті. Іс-шараға Satbayev University өкілдері қатысты.
EMINReM жобасы әртүрлі елдердің жетекші ғалымдары мен тәжірибешілерін біріктіріп, эко-өндіру және табиғи ресурстарды инновациялық басқару саласындағы магистратура бағдарламаларын дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында Германия, Испания және Түркия университеттерінің профессорлары тұрақты тау-кен өндірісі мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша озық технологиялармен бөлісті.
Қатысушылар Ислам Каримов атындағы Ташкент техникалық университетінің заманауи зертханалық базасымен танысты. Кеңес барысында Еуропа, Украина, Орталық Азия және Қазақстан өкілдері жобаның іске асу барысын талқылап, жаңа зертханалар ашу және оларды жабдықтау маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша жобаның іске асырылуын бақылауды күшейту, оның нәтижелерін белсенді түрде тарату, анықталған кемшіліктерді жою және туындаған мәселелерді Erasmus+ Ұлттық офисінің қолдауымен шешу туралы шешім қабылданды.