3 тамыз 2022 3672

Satbayev University оқытушыларының «Қазақстан стандарттау және метрология институтына» баруы

Satbayev University оқытушыларының «Қазақстан стандарттау және метрология институтына» баруы

Шілде айының соңында Сәтбаев Университеті жанынан ашылған KazStandard академиясы мен «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының оқытушылары «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болып, «Техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласына қажетті мамандарды даярлау» тақырыбы бойынша практикалық және оқу курсын тәмамдады.

Оқытушылар техникалық реттеу, метрология және стандарттау саласындағы заңнама талаптарын, нормативтік-құқықтық актілерді және техникалық реттеу құжаттарын үйреніп, «ҚазСтандарттың» эталондық базасымен танысты. Оқу курсы аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табыс етілді.

KazStandard академиясы 2022 жылғы 1 шілде күні «ҚазСтандарт» РМК-мен жасалған келісімшарт негізінде Сәтбаев Университеті базасында құрылды. Жаңа академияның оқытушылары университеттің үздік қызметкерлері қатарынан құрылмақ. Олардың біліктілігін арттыру жүйелі түрде жүргізіліп тұратын болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту