23 қараша 2021 2831

Satbayev University оқытушысы әлемдегі ең көне университеттердің бірі – Италиядағы Sapienza Università di Roma университетінде сабақ беруге шақырылды

Satbayev University оқытушысы әлемдегі ең көне университеттердің бірі  – Италиядағы Sapienza Università di Roma университетінде сабақ беруге шақырылды

2021 жылдың көктемінде Еуропалық Одақтың Erasmus+ халықаралық бағдарламасы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында Италияның ең беделді университеттерінің бірі – Sapienza Università di Roma-да тағылымдамадан өту грантын алу үшін оқытушыларға арналған конкурс өткізді.

Satbayev University Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты "Сәулет" кафедрасының cениор-лекторы Яскевич Владимир бағдарлама бойынша грант жеңіп алды.

2021 жылдың 25 қазанынан 3 қарашасына дейін ол Sapienza Università сәулет факультетінің 5 курс студенттеріне BIM-технологиялары бойынша дәрістер оқыды. Сонымен қатар, Владимир дипломдық жобаларды қорғау жөніндегі комиссияға қатысты, Sapienza Università di Roma-да әдістемелік және оқытушылық жұмыс тәжірибесін алды.

В. Яскевичтің тағылымдамасы халықаралық байланыстарды дамытуға, университеттер мен кафедралар арасында жеке байланыстар орнатуға ықпал етті.

Преподаватель Satbayev University был приглашен для преподавания в одном из старейших университетов мира

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту