28 қараша 2022 2753

Satbayev University оқытушысы Күләш Төребаеваның «Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық байқаудағы жеңісі

Satbayev University оқытушысы Күләш Төребаеваның «Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық байқаудағы жеңісі

«Сәулет» кафедрасының оқытушысы Төребаева Күләш «Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық байқауында жеңімпаз атанды. Ол «Мектепке дейінгі мекемелерге арналған образдар» номинациясы бойынша «Гран-при» дипломымен марапатталды, сондай-ақ ақшалай сертификат алды.

Байқауды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырып, 2022 жылдың 25 қазаны – Республика күніне орайластырды. Байқау бір автордың жарияланбаған және осы уақытқа дейін іске асырылмаған шығармашылық жұмыстарына арналған 4 номинация бойынша өткізілді.

Күләш Төребаеваның жұмыстары камералық көркем туындылар түрінде және полиграфиялық өнімдерде бренд түрінде іске асыруға ұсынылатын болады. Жұмыстардың өзі Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде қалады.

Satbayev University Күләш Ізбастовнаға одан әрі шығармашылық жетістіктер мен лайықты оқушылар тілейді!

«Ұлттың ұлы ұстындары» байқау

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту