13 сәуір 2023 2574

Satbayev University профессоры «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Satbayev University профессоры «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

ҚР Ғылым күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі жанында Сәтбаев университетінің Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының қауымдастырылған профессоры Тулеухан Иргибаев Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысушыларды мерекемен құттықтады. Жиналысқа қатысушылар үшін ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды, онда қонақтар қазақстандық ғалымдардың жаңалықтарымен таныса алды.

Тулеухан Иргибаев 2022 жылдан бастап Сәтбаев университетінде «Құрылыс инженериясы» бағыты бойынша пәндерден сабақ береді. Ғалым 50-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus, Web of Science базасының басылымдарында ғылыми мақалалары, халықаралық және отандық патенттері жарыққа шыққан.

Ғалым құрылыс саласындағы жобаларда белсенді жұмыс атқарады, қазіргі уақытта «Қозғалатын поездардың поршеньдік әрекетінен болатын циркуляциялық ағындарды пайдалану негізінде Алматы метрополитенінде шаңды кетірудің инновациялық технологиясын зерттеу, әзірлеу және енгізу» жобасын жүргізуде.

Satbayev University ұжымы Тулеухан Иргибайұлын марапатымен құттықтап, одан әрі табыс тілейді!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту