27 тамыз 2022 3003

Satbayev University Шахтер күнімен құттықтайды!

Satbayev University Шахтер күнімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер! Құрметті өндірушілер, қазіргі және болашақ кеншілер!

Жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде Қазақстан кеншілері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Satbayev University үшін бұл ерекше күн, өйткені дәл осы тау-кен мамандықтарынан, тау-кен металлургия институтынан біздің университеттің жолы басталды.

Сондықтан біздің университет осы күні құттықтауларға үлкен мақтанышпен қосылады.

Күн сайын жер қойнауының құпиясын ашып, ел игілігі үшін жұмыс істей отырып, өз өмірін осы қиын да маңызды жұмысқа арнаған кеншілер кәсібіне қатысы бар адамдарды шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық пен бақыт,  еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! 

Шахтер күні құтты болсын!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту