Ақпарат:

23 қараша 2022 3009

Satbayev University сіздерді "Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық дамуы: мәселелері мен шешімдері" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады

Satbayev University сіздерді "Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық дамуы: мәселелері мен шешімдері" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады

Сіздерді 2022 жылғы 30 қарашада өтетін "Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық дамуы: мәселелері мен шешімдері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция илемдеу өндірісін дамыту теориясы мен практикасына үлкен үлес қосқан, Жоғары мектептің Халықаралық Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Нариман Қалыбекұлы Дауылбековтың туғанына 85 жыл толуына арналған.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  • Тау-кен металлургия саласын дамытудың инновациялық технологиялары
  • Материалтану және металл өндеу
  • Мұнайды барлау, өндіру және тасымалдау техникасы мен технологиялары
  • Көлік және логистика
  • Энергетика және ЖЭК

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияны өткізу форматы-офлайн, онлайн.

Конференция материалдары конференция материалдарының электрондық жинағында мақалалар түрінде жарияланады.

Өтінімдер мен мақалалардың мәтіндері 2022 жылдың 25 қарашасына дейін ұсынылуы керек.

Материалдарды ресімдеу ережесі және өтінім нысаны

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту