Satbayev University студенттері - ЖОО-аралық Олимпиада жеңімпаздары

2025 жылы 12 сәуірде Қазақ-Британ Техникалық Университетінде Алматы қаласының техникалық мамандықтарында оқитын 1-курс студенттері арасында ағылшын тілі бойынша ЖОО аралық олимпиада өтті.
Олимпиада бейнероликтер байқауы форматында ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты – БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатын зерделеуге студенттердің қызығушылығын арттыру және адамзаттың өзекті мәселелерін шешуге студенттік қауымдастықтың назарын аудару мен қолдау көрсету үшін әлеуметтік бейнероликтер жасау арқылы мотивацияны көтеру болды.
ЖОО- аралық олимпиаданы ҚБТУ-дың Ректорат қолдауымен Әлеуметтік ғылымдар мектебінің ағылшын тілі секторы ұйымдастырды. Олимпиадаға KBTU, Satbayev University, Energo University және IITU университеттерінің студенттері қатысты. Satbayev University атынан Future Forward және Mahatma атты 2 команда шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Л. А. Дүйсеева жетекшілігімен қатысты.
Олимпиада нәтижесінде 1 курс студенттері Какимжанова Мадина, Берікұлы Нариман, Исакан Жамиля және Дугина Дарьядан құралған Future Forward командасы 7 команда арасынан 2-орын иеленіп, 250 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқан барлық студенттер KBTU мен Education First білім беру орталығы тарапынан әртүрлі сыйлықтарға ие болды.