Ақпарат:

13 мамыр 2025 593

Satbayev University және Técnicas Reunidas мұнай өңдеу өнеркәсібінің жас мамандары үшін тағылымдамадан өту бағдарламасын іске қосуда

Satbayev University және Técnicas Reunidas мұнай өңдеу өнеркәсібінің жас мамандары үшін тағылымдамадан өту бағдарламасын іске қосуда

Сәтбаев университетінде испандық Técnicas Reunidas компаниясымен ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев пен Қазақстандағы Técnicas Reunidas компаниясы филиалының директоры Оскар Ломбера Вильота қол қойды.

Келісім университет студенттеріне тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуға, содан кейін компанияда жұмыс істеп, мансап бойынша көтерілуге мүмкіндік береді. Бағдарлама 4-курс студенттеріне және бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын жаңадан бітірген түлектерге арналған. Оқудың бірінші жылында механика, металлургия, химия инженериясы, электротехника және автоматты басқару жүйесі сияқты салаларға баса назар аударылады. Таңдау кезінде оқу үлгерімі, ағылшын тілін меңгеру деңгейі және жеке мотивация ескеріледі.

Қол қою рәсімінен кейін Técnicas Reunidas компаниясының өкілдері Сәтбаев университетінің студенттерімен кездесті, онда олар тәлімгерлермен танысып, болашақ мамандығының қыр-сырымен, үміткерлерге қойылатын талаптармен және тағылымдамадан кейін ашылатын мансаптық мүмкіндіктермен бөлісті. Técnicas Reunidas компаниясының өкілдері атап өткендей, компания Қазақстанда жоғары білікті мамандарды даярлауға мүдделі: «Біздің мақсатымыз – студенттерді жай ғана тағылымдамадан өткізу емес, бізбен бірге әлемдік деңгейде жұмыс істейтін болашақ инженерлерге терең білім беріп, олардың тәжірибелерін шыңдау».

Satbayev University және Técnicas Reunidas мұнай өңдеу өнеркәсібінің жас мамандары үшін тағылымдамадан өту бағдарламасын іске қосуда

Técnicas Reunidas компаниясы – әлемдік мұнай және газ өнеркәсібіндегі көшбасшылардың бірі, ол 50 елде жұмыс істейді және мұнай өңдеу зауыттары, электр станциялары мен өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарының құрылысы секілді салалар бойынша 1000-нан астам жобаны іске асырған. Компания 2020 жылы Астана қаласында кеңсе ашты, қазір Қазақстанның мұнай-газ химиясы секторында ірі жобаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуда.

Técnicas Reunidas компаниясымен жасалған келісім – Сәтбаев университетінің әлемдік компаниялармен серіктестікті дамыту және қазақстандық студенттерге әлемдік деңгейде мансап құру үшін озық тәжірибелер мен мүмкіндіктерге қол жеткізе алатын орта құру жөніндегі бағдарламасының бөлігі болып табылады. Мұндай бастамалар Сәтбаев университетіне жоғары сұранысқа ие болатын инженерлерді даярлайтын орталық ретіндегі және ғаламдық жетекші компаниялардың сенімді серіктесі болу жолындағы беделін нығайтады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту