27 тамыз 2022 2310

Satbayev University Жапондық Interactive Corporation компаниямен ынтымақтастық байланысты дамытуда

Satbayev University Жапондық Interactive Corporation  компаниямен ынтымақтастық байланысты  дамытуда

2022 ж. 26 тамызда Satbayev University-ге Interactive Corporation Жапон сауда компаниясының өкілдері келді. Компания JEOL, ULVAC Technologies, Mazak, Seki Technotron, Rigaku және басқа фирмалар шығарған жоғары технологиялық ғылыми және өнеркәсіптік жабдықтардың ресми жеткізушісі ретінде әрекет етеді.

Университетіміздің басшылығымен алдағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды, және "JEOL өндірісінің электронды микроскоптары" семинары өткізілді, оған К. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі Институтынан, инженерлік бейіндегі зертханадан, физика-техникалық институтынан, металлургия және байыту институтынан және т. б. әріптестерiмiз қатысты.

Interactive Corporation JEOL фирмасының өндірген электронды микроскоптардың, микроанализаторлардың және спектрометрлердің жаңа үлгілерін жеткізу көлемі бойынша алдыңғы қатарды иеленеді, сондай-ақ нанотехнологияға арналған жабдықтардың жаңа түрлерін ұсынады, мысалы, көміртекті нанотүтікшелер мен алмазды қабыршақтарды өсіруге арналған қондырғылар, және жабдықтардың басқа да түрлері.

Кездесудің достық ахуалы ынтымақтастық туралы шартқа қол қою арқылы бекітілді.

Satbayev University развивает сотрудничество с японской компанией Interactive Corporation

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту