Ақпарат:

14 ақпан 2025 1024

Satbayev University желдету саласындағы мамандар үшін өндірістік тәжірибеге жол ашады

Satbayev University желдету саласындағы мамандар үшін өндірістік тәжірибеге жол ашады

Satbayev University Алматы желдеткіш зауытында «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасының филиалын ашып, студенттерге оқу барысында практикалық дағдылар алуға кең мүмкіндіктер ұсынуда.

Өндірістік практика техникалық мамандықтарда оқитын студенттердің білім алу үдерісінде маңызды рөл атқарады. Satbayev University студенттерге әртүрлі салаларда нақты жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін тұрақты дәстүр қалыптастырды. Университет кафедрасының жаңа филиалы студенттерге заманауи өндіріс базасында білім алу мен тәжірибеден өтуге бірегей мүмкіндік береді, мұнда олар озық жабдықтармен жұмыс істеп, саланың өзекті мәселелерін шешеді. Болашақта студенттер өз білімдері мен дағдыларын дуальды білім беру бағдарламасы арқылы тереңдете алады.

Сонымен қатар, университет студенттері мен оқытушылары сала мамандарымен тығыз ынтымақтастық орнатып, олардың тәжірибесі мен кәсіби дағдыларын меңгереді. Бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары аясында заманауи өндірісті дамытуға бағытталған инновациялық технологиялар әзірленетін болады.

Филиалдың ашылуы ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болып, желдету және ауаны баптау саласында жоғары білікті инженерлер мен мамандарды даярлауға ерекше мүмкіндіктер ашуда.

Университет Алматы желдеткіш зауытының басшылығына қолдау көрсеткені және Қазақстан Республикасының болашағына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту