15 қаңтар 2019 3479

Satbayev University «Жылы жүрекпен жақсы іс» атты акциясын аяқтады

Satbayev University «Жылы жүрекпен жақсы іс» атты акциясын аяқтады

Satbayev University көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында төрт кезеңнен тұратын «Асыл қазына» жобасының «Жылы жүрекпен жақсы іс» атты акциясын өткізді. 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында 14 отбасын киім-кешек, аяқ киім, мектеп сөмкесі мен оқу құралдарымен, азық-түлік және үйге қажетті заттармен қамтамасыз етті.

2019 жылдың 12 қаңтарында аталған акция жоғарыда аталған отбасының балаларын Esentai Mall-ға қыдыртып апарумен аяқталды. Балалар өздеріне ұнайтын жанрдағы фильмді көріп, дәмді тамақтанып, «Next көңіл көтеру» орталығында ойнады. Балалар мен олардың ата-аналары, мектеп қызметкерлері университет басшылары мен Студенттік мәселелер жөніндегі департаментке жоғарыда айтылған акцияны ұйымдастырған  үшін алғыстарын білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту