Сәулет институтының Самарқанд экспедициясы
2017 жылғы 5 – 12 маусым аралығында тәуелсіз Қазақстанның сәулет мектебі тарихында алғаш рет 1-2 курс студенттерінің Самарқанд қаласына (Өзбекстан) ресми халықаралық жылжымалы оқу практикасы ұйымдастырылды.
Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ мен СамМСҚИ бірлескен күштерінің арқасында сәулеттік білім беру саласында ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде университетіміздің студенттері Самарқандқа бару мүмкіндігіне және Өзбекстан көне сәулетшілерінің шығармашылығы мен аңызға айналған мәдениетін көру мүмкіндігіне ие болды.
Практика Самарқанд қаласының маңызды сәулет ескерткіштерін: Гур-Эмир, Регистан, Бибі Ханым мешіті, Шахи-Зинда ансамбльі, Афрасиаб қаласын қамтитын пленэрлер сериясы түрінде жоспарланып, өткізілді.
Сәулет өнерінің көне жауһарларын қабылдау және көркемдікті түсіну тәжірибесі студенттерге орта ғасырлық Азияның құрылыстық, кеңістіктік және эстетикалық мәдениетін қайта ұғынуға және заттарды жасампаз көруін дамытуға әсер етті.
Осы тәжірибені студенттер Сәулет және құрылыс институтының директоры Б.У.Куспангалиевтің жүргізген жұмысы арқасында ала алды, бағдарлама Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ есебінен қаржыландырылды.
Экспедиция нәтижесі студенттер жасаған көркем және графикалық жұмыстар сериясы болды. Бұл жұмыстар, сондай-ақ ең жақсы фотосуреттер 2017 жылғы 15 тамызда ҚазҰТЗУ ИМС 505-аудиториясында өтетін есепті көрмеге қойылады.