15 наурыз 2017 10270

«Саясаттағы харизмалық тұлға» атты семинар-тренинг өтті

«Саясаттағы харизмалық тұлға» атты семинар-тренинг өтті

15 наурызда Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да «Қоғамдық пәндер» кафедрасының дәрісшісі, м. п. н. Ғазиза Абдиева мен РһD докторы Жазира Қуанышбаеваның жетекшілігімен, сондай-ақ Қ. Тұрысов атындағы ГжМГИ студенттерінің қатысуымен «Саясаттағы харизмалық тұлға» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында болашақ маман иесін келешекте табысты тұлға болатындай етіп даярлап шығарудағы үйірімпаздықтың (харизма) негіздері қаралды. 

Осы семинар-тренингке қатысқан ГжМГИ-дің белсенді студенттері Марал Мұратбек, Дәулет Тоқсанбаев, Анар Қайыргелді, Нартай Рабаев, Бақытжан Егдірбаев, Айгерім Жақсыгереева, Айдар Рахашов, Айдос Бақтыгерей, Айдана Жақып, Шахмардан Нашекен, Мырзақасым Болат өздерінің суырыпсалмалық таланттары арқылы «саясаттағы харизмалық тұлға» дегенге түсініктеме беріп, семинар-тренинг басты мәнін аша білді.

 

Ақпарат көзі: ББИ
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту