Ақпарат:

27 қыркүйек 2018 7012

Шоқан Лаумулин білім алудың маңызы туралы

Шоқан Лаумулин білім алудың маңызы туралы

2018 жылы 25 қыркүйекте А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы Кембридж университетінің зерттеушісі Шоқан Лаумулинді дәріс беруге шақырды.

Шақырылған оқытушы Ш. Лаумулин өз дәрісінде мемлекет пен әлемдік іргелі ғылымның жетістіктерін салыстыра отырып, тоталитаризм дәуірінде қазақстандық ғылым мен білімнің дамуы туралы қызықты деректерді келтірді.

Құрметті қонақ Қазақстанның қазіргі заманғы жастарын білімге көбірек мән беруге шақырды. Өйткені білім мен ғылым дамуындағы қоғамдық институттар және индустрия саласы мемлекеттің дамуы жолында маңызды роль атқарады. «Білім адамды рухани байытады және оның өміріне мән береді». Ғылымсыз мәдениет те, қоғам да дамымайды.

Дәріс соңында Сәтбаев университетінің студенттері Ш. Лаумулинге оның атасы Мұташ Дәулетқалиевтің қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Мұташ Дәулетқалиев 1932 жылғы қазақ халқының трагедиясы мен аштығы туралы Ф. Голощекинге баяндалған атақты «Бесеудің хаты» авторларының бірі болып табылады. Бұл хат аштықты тоқтатып, Шығыс Түркістанда (қазіргі Шыңжаң) мал мен азық-түлік сатып алынып, халыққа таратылуына себеп болған еді.

Сонымен қатар студенттер әлемде және Қазақстанда іргелі ғылымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесінің мәселелеріне қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Дәріс оқытушылар үшін жоғары кәсіби деңгейде, ал студенттер үшін терең танымдық деңгейде өтті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту