ҰБТ форматындағы өзгерістер
Биылғы жылы ҰБТ форматы өзгерген жоқ, алайда ЖОО-на түсу үшін берілетін мемлекеттік гранттар бұрын тек мамандықтар бойынша ғана бөлінетін еді, ал қазір – білім беру бағдарламаларының топтарына қарай бөлінеді. Әрбір топқа ЖОО-ның бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Енді оқу түскен кезде талапкер оқу бағытын ғана таңдап, барлық топ бірге оқиды, тек 3-курсқа келгенде ғана мамандық бойынша бөлінеді.
Білім беру бағдарламаларының жаңа жүйесі туралы толық ақпарат
Осылайша, егер талапкер маусым айындағы ҰБТ-да Математика + Физика пәндерін таңдаған болса, онда берілген бірнеше білім беру бағдарламаларының ішінен біреуін таңдау мүмкіндігі бар. Осыған орай талапкер таңдаған жоғары оқу орнына оңай түсу үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болды. Сәтбаев университетіндегі бейінді пәндер: физика, математика, география және химия.
2019 жылғы ҰБТ форматындағы негізгі өзгерістер:
- ЖОО түсу үшін енді ҰБТ-ны жылына төрт рет тапсыруға болады;
- Әрбір тапсырған сайын әртүрлі бейінді пәндерді де таңдауға болады;
- Білім беру гранттарының байқауына ҰБТ-ны тек жазғы кезеңде (20 маусымнан 5 шілдеге дейін) тапсырып, шектік балл жинаған талапкерлер ғана қатыса алады;
- Техникалық және кәсіби орта білім беру орындарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-на тек ақылы оқу түріне ғана түсіп, өз мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады. ЖОО тіркелу үшін сол оқыған оқу орнында тапсырған емтихандардың нәтижесі жеткілікті болады;
- Кешенді тест тапсыру қазір ҰБТ-мен біріктірілді.