22 қараша 2017 7408

Университеттің үздік студенттері анықталды

Университеттің үздік студенттері анықталды

2017 жылы 21 қарашада Сәтбаев университетінде оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы болып, онда мемлекеттік емтихан кезінде жоғары балл алған студенттерді марапаттау рәсімі өтті. Жоғары оқу орнындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау шарасы аясында университеттің үш студентіне ректордың қолы қойылған сертификат табыс етілді.

Мұндай жетістікке қол жеткізген студенттер: «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алып жүрген 4-курс студенттері Шыңғысхан Әуелбек пен Айдос Жалғасов, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенті Арайлым Мырзағали үздік деп танылып, олар сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Жоғары оқу орнындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау орталығы Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап қызмет етеді, оның мақсаты – оқу сапасын бағалау және реттеу. Оны бағалау үшін студенттер физика, химия, математика сияқты жалпы білім беру пәндерінен тест тапсырып, соның нәтижесі бойынша студенттердің білім деңгейі анықталады.

Оқу орнының ар-намысын абыроймен қорғап шыққан студенттерді жоғары жетістіктерге жеткен жеңістерімен құттықтаймыз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту