29 қыркүйек 2017 7548

Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер!

Cіздерді Халықаралық кәсіптік мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің жарқын болашағы Сіздердің қазіргі қызметтеріңізбен тығыз байланысты. Өйткені өздеріңіздің шығармашылық еңбектеріңізге аса берілгендіктің арқасында Сіздер саналы да салмақты ұрпақ тәрбиелеп отырсыздар. Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, өз істеріңізге шын беріліп, әрбір студенттің тәрбиесіне жүрек түбіндегі мейірімдеріңізді төгіп отырғандарыңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздермен бірге қандай да болмасын қиындықты жеңе алатынымызға сенемін!
Біздің жоғары оқу орнының гүлдене дамуы Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, жоғары дәрежелі қабілеттеріңіз бен таланттарыңызға, сондай-ақ университет ұжымында қалыптасқан игі дәстүрлеріңізге сүйенеді.

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жоғары дәрежелі инженер кадрларын даярлайтын бірден-бір жетекші оқу орны болып қашан да қала береді, әрі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салуда.

Бүгінгі таңда университетте жоғары білікті мамандарды даярлаудың көпдәрежелі жүйесі қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Сондай-ақ ағылшын тілінде білім беру жүйесі де біртіндеп енгізілуде. Мұның бәрі, сөз жоқ, біздің түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ал алдағы стратегиялық міндеттердің орындалуы 2020 жылдары ҚазҰТЗУ-ға шын мәнінде Қазақстандағы техникалық білім беретін алдыңғы қатарлы оқу орны атануға және әлемді бағындырған халықаралық ғылыми орталық атануға толық мүмкіндік береді. Өйткені бүгін халықаралық стандартқа сай сапалы білім алып жатқан ұрпақтың еншісіне ертеңгі күні Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу жөнінде шешуші роль атқаруға тура келеді.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалсын! Жаңа ғылыми жобалар үшін жаңа ойлар туып, Нобель сыйлығының болашақ иегерлері өсе берсін!

Құрметпен,

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры

Бейсембетов Е.Қ.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту