Ақпарат:

2 наурыз 2017 10453

Жасыл химия мәселелері бойынша on-line конференция

Жасыл химия мәселелері бойынша on-line конференция

G – Global коммуникативті алаңы – бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған халықаралық виртуальды жоба, ол ғылыми қоғамдарға маңызды мәселелерді шешу жолдарын табу мен талқылау бойынша интерактивті, ашық және көпшілік талқылаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуі бойынша концепцияның аяңында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен М. Әуезов атындағы ОҚМУ Республиканың басымды міндеттерінің бірі – ресурстарды қолдану мен оларды басқарудың тиімділігін арттыруға арналған on-line конференциясын өткізді.


ҚазҰТЗУ мен ОҚМУ ғалымдары химиялық өндірістің қоршаған орта мен социумға тигізетін агрессивті әсерін төмендетуге, қалдықтарды басқаратын жүйелер жасауға, сулы бассейндердің ластануын төмендетуге және экожүйелерді тиімді басқаруға бағытталған университеттердің ғылыми жетістіктерін талқылады. 


Конференцияда ҚазҰТЗУ «Батыс Қазақстанның күрделі сулымұнай эмульсиялары, жолдары мен оларды қирату әдістері» (Галина Бойка), «Кенді шикізаттарды полифункциональды бейорганикалық материалдарға байыту қалдықтарын өңдеу мүмкіндігін зерттеу» (Шолпан Кубекова) және ОҚМУ «Өсімдік шикізатының негізіндегі биологиялық белсенді препараттар» (Нағима Джакипбекова), «ҚР жасыл технологияның даму болашағы» (Алимжан Кадирбеков) сынды профессорлардың баяндамалары ұсынылды. Талқылауға Химиялық инженерия институтының директоры Болысбек Өтелбаев, химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлжахан Елигбаева, химия кафедрасының меңгерушісі Күләш Бекжигитова, сонымен қатар ҚазҰТЗУ мен ОҚМУ оқытушылары мен докторанттары қатысты. Конференция қорытындысы бойынша шешім қабылданды. 


Конференцияға сілтеме:   http://group-global.org/ru/conference/zelenye-tehnologii.

"Химиялық технология" кафедрасы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту