«Kazakhmys Progress» компаниясымен бірлесе отырып, маркалы селеннің бірегей өндірісін іске қосу
Сәтбаев Университеті мен оның еншілес ұйымдары инновациялық өндірістің жаңа әдістерін жасай отырып, өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Осындай белсенділіктің арқасында 2023 жылы Балқашта «Kazakhmys Progress» («Қазақмыс Прогресс») компаниясы шикі селен өндіретін бірегей тамаша цех ашты.
Жаңа өндіріс орны – әлемдік деңгейдегі технологиялық жаңалықтарды енгізуге мүмкіндік беретін заманауи өндіріс алаңы болып табылады. Бұл жоба тәуелсіз екі технологияны қамтиды: шикі селенді вакуумды-термиялық тазарту, бұл әдіс Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет енгізіліп отыр, ал екінші технология – құнды металдар цехының қалдықтарын электр балқыту әдісімен өңдеу арқылы қалпына келтіру.
Жоғары маркалы селен алудың жаңа әдісінің негізінде Сәтбаев Университеті Металлургия отырып жасаған технология жатыр. Бұл технология қымбат бағалы реагенттерді қолданбай-ақ, 99,5% жоғары сапалы таза селен алуға мүмкіндік береді. Қайтадан өңделген шикізат алудың жылдық көлемі – 75 тонна шикі селен болады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба отандық ғылым мен өндіріске жаңа перспективалар ашып, бәсекеге қабілетті өніммен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Жобаны әзірлеу 2007 жылы басталды, ал Қазақстан Республикасы Ғылым комитетінің гранттық және мақсаттық-бағдарламалық қаржыландыру шеңберінде алғашқы нәтижелер алынды. Көп жылдық зерттеулер мен тәжірибелерден кейін Сәтбаев Университеті жанындағы Металлургия және байыту институтында сынақтар жасалды.
Нәтижелерді талқылап, барлық сараптамаларды зерделей келе, Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы мен «Қазақмыс» корпорациясы» компаниясы басшылығының белсенді қолдауымен Балқаш қаласында «Kazakhmys Progress» («Қазақмыс Прогресс») компаниясының өндіріс алаңдарында алғашқы өнім шығару өндірісі іске қосылды. Технология өзінің тиімділігін дәлелдеп, көптеген материалдар түрлерінде сынақтан өтті, бұл оны қысқа мерзім ішінде өнеркәсіптік қолданысқа енгізуге мүмкіндік берді.
Жобаның нәтижелері:
- Селенді тек дәстүрлі шикізаттан ғана емес, сонымен қатар техногендік қалдықтардан өндіруге де жаңа мүмкіндіктер ашылды;
- Селен өндірісінің тиімділігі артты;
- Жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің және бүкіл елдің перспективалық болашағы кеңейді;
- Ұлттық экономиканы жаңғыртуда алға жаңа қадам жасалды.