Металлургиялық процестерді автоматтандыру және цифрландыру
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M117 Металлургиялық инженерия |
Металлургиялық процестер теориясы |
Жалпы металлургия |
Металлургиялық процестерді автоматтандыру және цифрландыру, металлургиядағы технологиялық процестерді басқару саласында мамандар даярлау. Бағдарлама ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредитациядан өтті, диплом Еуропада бағаланады.
Түлектер 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі немесе 2 жылдық оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алады.
Бағдарламаның айтарлықтай ерекшелігі қазіргі заманғы басқару жүйелерінің, оның ішінде сандық, адаптивті, оңтайлы, микропроцессорлық, зияткерлік жүйелердің көмегімен минералдық шикізатты металлургиялық өңдеу (металдарды алу, қалдықтарды кәдеге жарату, металдарды алудың негізгі технологиялары бойынша) бойынша білім мен дағды береді.
Сіз металлургиялық процестерді автоматтандыру жүйесін пайдалану негіздері туралы, соның ішінде басқару жүйелеріндегі металлургия объектілері мен технологиялық процестерінің математикалық модельдері туралы білімді игересіз, металлургиялық процестерді автоматтандыру жүйесін құру кезінде ақпараттық технологияларды қолдану әдіснамасын игересіз.
Бағдарлама Қазақстанның өндіріс өкілдерімен бірлесіп әзірленген және қазіргі заманғы экономика мамандарына қойылатын өзекті талаптарды ескереді. Бағдарлама аясында сіз басқару жүйелерін жобалауды автоматтандыруды, сандық және микропроцессорлық басқару жүйелерін, металлургия саласының қалдықтарын басқаруды, роботтарды сандық бағдарламалық басқару жүйесін, металлургиядағы ресурс және энергия үнемдеуді зерттейтін боласыз. Бағдарламаға стратегиялық маңызды металдарды алудың теориясы мен технологиясы, Қазақстан мен әлемнің негізгі өндірістері кіреді.
Магистранттар педагогикалық, зерттеу және ғылыми-зерттеу практикаларын «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақмыс», «Қазцинк», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Қазмеханобр», Металлургия және байыту институтында, Жәйрем кен байыту комбинатында, Теректі кен байыту комбинатында, «KAZ Minerals Aktogay» және тағы басқа кәсіпорындарда өтеді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Мәскеу болат және қорытпалар институтында, Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Вустер политехникалық институтында (АҚШ); Геотехника институтында (Словакия), Саскачеван университетінде (Канада), Рейнско-Вестфаль техникалық университетінде (Германия), KTH Royal Institute of Technology (Швеция), Suleyman Demirel University (Түркия) ғылыми тәжірибе алмасулардан өтеді.
Түлектер металлургиялық бағыттағы шағын ғылымды қажетсінетін бизнес құруға қабілетті. Олар байыту фабрикаларында, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, химия, тау-кен-химия және машина жасау өндірістерінде, ғылыми -зерттеу және жобалау институттарында, Siemens, Schneider Electric, «Ханиуэл-АСУ» ЖШС сияқты ірі IT компанияларда, жоғары оқу орындарында тау-кен-металлургия секторының жетекші инженерлік-техникалық және басқарушы лауазымдарын атқарады.