Ақпарат:

Экстрактивті металлургия және алдыңғы қатарлы материалдар

Деңгейі
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D117
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Уран өнеркәсібі, сирек және өте сирек кездесетін жер металдар металлургиясы, сондай-ақ ұнтақ металлургиясы, арнайы инновациялық материалдар мен ұнтақтар өндірісі үшін ерекше басымдығы бар өндіруші металлургия мен озық материалдар өндірісі саласы бойынша білім беру бағдарламасы негізінде мамандарды даярлау. Білім беру бағдарламасы тұрақты даму мақсаттарына және ESG тұжырымдамасына сәйкес, кенді және техногендік ресурстарды өңдеу теориясы мен тәжірибесі саласында алдыңғы қатарлы білімі бар жоғары білікті ғылыми және инженерлік кадрларды даярлауға, сондай-ақ қазіргі заманғы өндіріске арналған инновациялық материалдарды әзірлеуге бағытталған.

Сіздер экстрактивті металлургия мен озық материалдар алу саласында тәжірибелік-өндірістік қызметті зерттейсіздер; стратегиялық металдарды алу технологиялары; сирек металдар мен уран шикізатын өңдеудің тиімділігін арттыру, уран гексафторидін алу, уран диоксиді ұнтағын алу сияқты озық материалдар өндіруді; отқа төзімді металдар мен қорытпаларды алу; 3D-технологиялары мен металдан жасалған аддитивті бұйымдарды жасау; уран өнеркәсібіндегі конверсиялық процестер мен фторидті технологияларды зерттеп шығасыздар.

Сондай-ақ уран және сирек кездесетін жер металдарын алу процестерін талдауды, жобалауды және оңтайландыруды үйренесіздер; «Жасыл металлургия» технологиялары, өндірістік процестерді цифрландыру саласы бойынша білімді меңгеріп шығасыздар; озық материалдарды жасау дағдыларын қолдануды – advanced materials; фторидті технологияларды қолдану; ұнтақ, өздігінен бейімделетін, наноқұрылымды және биоүйлесімді материалдарды жобалау мен жасау; уран және сирек кездесетін металдар өнеркәсібінің өнімдерін қолдануды үйренесіздер және әлемдік еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие боласыздар.  

Түлектер уран өндіру және өңдеу кәсіпорындарында; стратегиялық және сирек кездесетін металдарды өндіретін кәсіпорындарда; инженерлік, ғылыми-зерттеу және кеңес беру орталықтарында; ұлттық корпорациялар мен компанияларда технолог, әзірлеуші ​​және конструктор болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту