Мұнай және газ геологиясы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M121 Геология |
Жалпы және тарихи геология |
Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы |
Мұнай және газ геологиясы саласында мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру мәселелерімен айналысатын мамандарды даярлау. Түлектер 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі немесе 2 жылдық оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алады.
Диплом Еуропалық комиссияның, Еуропа кеңесінің және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарттары бойынша әзірленген қосымшамен қоса беріледі. Қосымша еуропалық ECTS жүйесі негізінде құрастырылған және шетелдік университеттер мен жұмыс берушілер үшін ұлттық жоғары білімді растауға мүмкіндік береді. Дипломға еуропалық қосымша ағылшын тілінде жеке сұраныс бойынша толтырылады және тегін беріледі.
Бағдарлама тереңдетілген техника-аналитикалық, ғылыми-педагогикалық және болжамдық дайындығы бар, өндірістік-басқару, ұйымдастыру-технологиялық және ғылыми-педагогикалық салаларда құзыретті мамандарды дайындайды. Студенттер тау-кен, геология саласының қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы, заттық құрамды далалық және зертханалық зерттеулерді жүргізудің дәстүрлі және қазіргі заманғы мамандандырылған әдістері, геологиялық құрылымдардың құрылысы мен дамуы туралы, қазіргі заманғы жабдықтарды, аспаптар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып далалық, зертханалық, интерпретациялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік дала, зертханалық және интерпретациялық жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру туралы білімдерді игереді.
Магистранттар геологиялық зерттеулерді жобалауға қатысу және шешімдер стратегиясын енгізу мен дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, геологиялық ақпаратты өңдеу және ұсыну бойынша дағдыларға ие болады.
Дәрістер мен кеңестер өткізу үшін жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерінің профессорлары, өндірістік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші сарапшылары шақырылады. Оқу барысында магистранттар алмасу бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-да білім ала алады.
Магистранттар Karachaganak Petroleum Operating, "Теңізшевройл", "Қазгеология", "Даңқ", PGS, "Геокен", "Қазақстанкаспийшельф", «Қазақ геофизикалық компаниясы», "Батыс геофизсервис", "Қазақмыс" сияқты компанияларда педагогикалық және зерттеу тәжірибесінен өтеді.
Түлектер мұнай-газ және тау-кен компанияларында инженерлік лауазымдарда, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлер позициясында жұмыс істейді.