Геоматика, геодезия және геокеңістіктік ғылымдар
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Бағдарлама геодезия, геоматика, картография, геоинформатика, жерге орналастыру және геокеңістіктік ғылымдардың аралас салаларына қажетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған. Сондай-ақ бағдарлама табиғи және антропогендік аумақтарды кеңістіктік талдаудың, мониторинг жүргізудің және басқарудың өзекті мәселелерін шешуде алдыңғы қатарлы цифрлық технологиялар мен әдістемелерді пайдалана отырып, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған.
Оқу мерзімі 3 жылға созылады, оны аяқтағаннан кейін түлектерге философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.
Бағдарлама докторанттардың бойында ғылыми ойлау, жоғары деңгейлі зерттеу дағдыларын меңгеру, өзіндік тамаша ғылыми әзірлемелерді құру және ғылыми-зерттеу нәтижелерін инженерлік-өндірістік тәжірибеге енгізу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Докторанттар іргелі теориялық және қолданбалы дайындықты қамтамасыз ететін кең ауқымды пәндерді меңгеріп шығады. Бағдарлама кеңістіктік талдау мен 3D модельдеудің заманауи әдістерін, жоғары дәлдіктегі GNSS-технологияларын және спутниктік геодезияны, кеңістіктік деректерді интеллектуалды талдауды (GeoAI), Жерді қашықтықтан зондтау деректерін интерпретациялау және валидациялау жолдарын да үйретеді. Әсіресе аумақтарға геоэкологиялық және инфрақұрылымдық мониторинг жүргізуге, геомониторинг пен құрылыста цифрлық егіздерді пайдалануға, ғылыми зерттеулердің теориялық және әдістемелік негіздеріне, сондай-ақ геоақпараттық жүйелерді жобалау мен оларды іс жүзіне енгізуге ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар докторанттардың жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарына, рецензияланатын халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдарына (соның ішінде Scopus және Web of Science дерекқорлары), конференциялар, мен гранттық жобаларға қатысып, шетелде тағылымдамадан өтуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Бағдарлама сондай-ақ докторанттардың жерді «ақылды» пайдалану, аумақтарды кеңістіктік жоспарлау және тұрақты дамыту мәселелеріне қатысты пәнаралық ғылыми жобаларға қатыстыруға бағытталған, әрі мамандандырылған заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуге, соның ішінде ArcGIS, ERDAS Imagine, QGIS, Pix4D, Leica Geo Office, Trimble Business Center және халықаралық ғылыми және инженерлік тәжірибеде қолданылатын басқа да құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Докторанттар TU Dresden (Германия), ETH Zurich (Швейцария), Wuhan University (Қытай), ITC (Нидерланды), Калгари университеті (Канада) сияқты жетекші ғылыми орталықтарда, сондай-ақ БҰҰ мен NASA-ның мамандандырылған бөлімдерінде шетелдік тағылымдамадан өтеді.
Бағдарлама түлектері академиялық, конструкторлық, ғылыми-зерттеу және халықаралық ұйымдарда жоғары сұранысқа ие болады. Олар ғылыми қызметкер, университет профессоры, геоинженер, BigGeoData және Smart Land Management жөніндегі мамандар ретінде қызмет атқарады, сондай-ақ ұлттық агенттіктерде, даму институттарында, трансұлттық компанияларда және БҰҰ құрылымдарында кеңістіктік жобаларды үйлестіруші ретінде де жұмыс істей алады.