Гидрогеология және геоэкология

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - География
Бағасы
826 900 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 140 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық, тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жер асты сулары және олардың тау жыныстарымен, жер үсті суларымен және атмосферамен әрекеттесуі туралы ғылым саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Геоэкология – адам мен басқа да организмдердің тіршілік ету ортасы ретінде Жердің геосфераларының құрамын, құрылымын, қасиеттерін, процестерін, физикалық және геохимиялық өрістерін зерттеуді біріктіретін пәнаралық ғылыми бағыт. Геоэкологияның негізгі міндеті – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен геосфералық қабықтардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін ресурстарының өзгеруін зерттеу, халықтың қазіргі және болашақ ұрпақтары үшін өнімді табиғи ортаны сақтау мақсатында оларды қорғау, ұтымды пайдалану және бақылау болып табылады.

Студенттер жер асты суларының қозғалысының заңдылықтарын және олардың химиялық құрамының қалыптасуын, далалық және зертханалық гидрогеологиялық зерттеу әдістерін, жер асты суларының қорын іздеу және барлауды, олардың көлемдерін бағалауды, өндірістік маңызын, тұрғындарды ауыз сумен және өндіріс орындарын техникалық сумен қамтамасыз етудің технологиялық мәселелерін шешу жолдарын оқиды, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық барлау мен іздестіру жүргізуді, топырақты зерттеу, болжамдарды әзірлеу принциптерін үйренеді.

Атап айтқанда, мына мамандықтарды меңгеріп шығады:

  • Гидрогеология негіздері
  • Жер асты суларын іздеу және барлау
  • Гидрогеологиялық зерттеулер
  • Инженерлік геология негіздері
  • Экологиялық гидрогеология
  • Сумен қамтамасыз ету және ирригация
  • Топырақтану және топырақ механикасы
  • Геоэкология

Бакалавр студенттері Қазақстанның барлық аумағындағы гидрогеологиялық, геологиялық барлау және инженерлік-геологиялық, тау-кен кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді. Түлектер гидрогеологиялық, геологиялық барлау және инженерлік-геологиялық, тау-кен кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, орталықтарда жұмыс істейді.