Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест пәндері |
|
M150 Санитарлық профилактикалық іс-шаралар |
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу |
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі |
Еңбек қорғау, өндірістік қауіпсіздік, төтенше жағдайларды қорғау саласындағы іргелі ғылыми білімі бар, ғылыми-зерттеу, инженерлік, жобалық, ғылыми-өндірістік және педагогикалық қызметте алған білімдерін жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Түлектер 1,5 жылдық оқуда техника және технология магистрі академиялық дәрежесін немесе 2 жылдық оқуда техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алып шығады.
Магистранттар өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар саласы бойынша технологияның соңғы жетістіктерін игеріп шығады.
Қауіпсіздік саласындағы ұйымдастырушылық-техникалық шараларды және оларды енгізу, кәсіпорындар мен ұйымдарда заманауи техногендік және кәсіби тәуекелдерді басқару жүйелерін ұйымдастыру мен енгізуді әзірлейтін болады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін мамандандырылған білікті оқытушылар сабақ жүргізеді. Сонымен қатар алыс және жақын шетелдерден шақырылған жетекші мамандар сабақ береді. Сабақтың ыңғайлы кестесі оқу мен жұмысты біріктіруге мүмкіндік береді.
Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикадан өтеді, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде бір семестр бойы оқи алады.
Түлектер энергетика, тау-кен, тау-кен металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі, машина жасау саласындағы жетекші ұйымдарда жоғары сұранысқа ие болады; ғылыми және өндірістік зертханаларда; еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылау зертханаларында; ғылыми-зерттеу және салалық жобалау институттарында; орта техникалық және жоғары оқу орындарында қызмет атқарады.