Ақпараттық жүйелер

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В057 Ақпараттық технологиялар Математика - Информатика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Ақпаратты автоматты түрде өңдеудің типтік технологиялық процестерін әзірлеу, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің құрамдас бөліктерін әзірлеу, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу және оларға техникалық қызмет көрсету саласына қажетті мамандарды даярлайтын бағдарлама. Қазіргі заманда ақпараттық жүйелер өмірдің барлық салаларына енгізілгендіктен, бұл мамандық үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Студенттер оқитын негізгі пәндер тізіміне кіретіндер: жоғары математика, математикалық логика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, есептеу жүйелерінің құрылысы мен жұмыс істеуі, операциялық жүйелер, компьютерлік желілер, алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері, мәліметтер базасын жобалау негіздері мен компьютерлік модельдеу.

Болашақта студенттер IT-инфрақұрылымы, деректер базасын жобалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және оның архитектурасы, деректер базасын ұйымдастыру және қорғау, компьютерлік жүйелер архитектурасы, блокчейн технологиялары, бұлтты есептеулер негіздері, оңтайландыру әдістері, компьютерлік модельдеу, білімді басқару, жүйелік талдау және жобалау сияқты пәндерді оқиды, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу, мәліметтер базасы мен желілерді басқаруды үйренеді.

Түлектер өндірістік кәсіпорындарда, ірі және шағын корпорацияларда, мемлекеттік және қаржылық институттар мен банктерде DevOps инженерлері, бизнес-аналитиктер, бэкенд-бағдарламашылар, ақпараттық жүйелер сәулетшілері және деректер базасының инженерлері ретінде жұмыс істейді.