Инновациялық химиялық процестер мен материалдар
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Функционалдық қасиеттері белгілі материалдарды техникалық жобалау саласында химиялық өндіріс бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған инновациялық білім беру бағдарламасы. Бағдарлама аталған материалдарды табиғи жолмен, қайта өңдеу арқылы және техногендік шикізаттан алуға арналған инновациялық химия-технологиялық үдерістерді әзірлеп, оларды жүзеге асыруды экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып қамтиды.
Бағдарлама түлектеріне диссертация қорғағаннан кейін PhD докторы ғылыми дәрежесі беріледі. Дипломға Еуропалық комиссия, Еуропа кеңесі және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарттарына сәйкес әзірленген ECTS стандарты бойынша Қосымша қоса беріледі. Бұл Қосымша еуропалық университеттерде алған білімді растайды және шетелдік жұмыс берушілер үшін ұлттық жоғары білімді мойындауға мүмкіндік береді.
Докторанттар ғылыми зерттеу әдістерін, экотехнологиялар мен жаңартылатын ресурстарды, ресурстармен жұмыс істеудің басым үлгілерін, қайта өңдеу (рециклинг) үдерістерінің инновациялық технологияларын, массаалмасу үдерістері мен аппараттарын есептеу мен модельдеуді үйреніп шығады. Сонымен қатар олар ғылыми жұмысқа дайындалып, халықаралық зерттеулер мен жобаларға қатысады.
Бағдарламаның міндетті бөлімі – диссертациялық жұмыс бойынша жеке зерттеу жүргізу, өндірістік тәжірибеден өту, эксперименттік-зерттеу қызметі, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердің ғылыми және білім беру ұйымдарында шетелдік тағылымдамадан өту болып табылады.
Түлектер ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми-өндірістік корпорацияларда жоба жетекшілері, функционалдық қасиеттері белгілі материалдар өндіретін кәсіпорындарда техникалық директор немесе жетекші технолог, сондай-ақ химия бағытындағы отандық және шетелдік кәсіпорындарда өндіріс басшылары болып жұмыс істейді.