Ақпарат:

Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 097
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Ішкі және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласында ғылыми кадрларды даярлау. Диссертациядан кейін бағдарлама бітірушісі PhD дәрежесін алады.

Бағдарлама шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтардың тәжірибесін зерделеу негізінде жасалынған және жоғары кәсіби білім беруді және жоғары оқу орнында оқытушылық шеберліктің дамуын қамтамасыз ететін ағылшын және мамандандырылған пәндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады.

Докторанттар бейорганикалық заттар мен материалдарды, жасыл химияны талдаудың физика-химиялық әдістерін, химикаттар өндірісінде, қазіргі заманғы химия техникасында, катализаторлардың жаңа типтері мен адсорбенттерді, бейорганикалық наноқұрылымды материалдарды және өңдеуші өнеркәсіптегі қалдықсыз технологиялардың ғылыми негіздерін зерттейді.

Зерттеу үшін докторант шетелдік оқу және ғылыми мекемелерде өндірістік тәжірибеден өтеді.

Диплом Еуропалық Комиссияның, Еуропа Кеңесінің және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарттарына сәйкес әзірленген ECTS стандарттық қосымшасына қосылады, бұл Еуропа университеттері үшін алған білімін растайды және шетелдік жұмыс берушілер үшін ұлттық жоғары білімін растауға мүмкіндік береді.

Түлектер жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, ауыр, жеңіл, тау-кен, металлургия, авиация және ғарыш салаларында, экономиканың құрылыс және инженерлік секторларында, жаңа композициялық және функционалды материалдар жасауда басшылық лауазымдарда жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту