Математикалық экономика

Бағасы
550 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон

Экономикалық деректерді талдауға және оларды қорытуға байланысты практикалық есептер шешу үшін математикалық аппарат пен статистикалық құралдарды меңгерген маман-экономистерді дайындайды. Осы бағдарламаның түлегі бағдарламалау тілдерін біледі, мәліметтерді талдау үшін ПО қолдана алады және олардың негізінде экономикалық қорытынды жасай алады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері үшін мектепте алған кредиттерін қайтадан тапсыру мүмкіндігі.

Бағдарламаның артықшылықтарының бірі – оқытушылардың халықаралық ұжымында ағылшын тілінде оқу және қарым-қатынас жасау. Студенттер ағылшын тілін алғашқы 2 жылда қарқынды оқып қана қоймай, одан кейінгі жылдары да үйренеді. Бұл ағылшын тілін жетік меңгеруге мүмкіндік береді және кәсіби дайындық пен кәсіби дамудағы қосымша артықшылықтарды береді.

Студенттер «Эразмус+» бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқып, тағылымдамадан өте алады.

«Математикалық экономика» бағдарламасын аяқтаған бакалавр қазіргі математикалық аппаратты біліп, сондай-ақ оны әртүрлі экономикалық және қаржылық мәселелерді шешу үшін қолдана алады. Бұл қасиеттер түлекті экономиканың индустрия секторының ірі компанияларының зерттеу бөлімдерінде, сақтандыру компанияларында, консалтингте, банк секторында, сондай-ақ деректерді талдау және экономикалық талдау талап етілетін басқа да салаларда жұмысқа тілек білдірген кандидатқа айналдырады. Біздің түлектер қазақстандық және шетелдік компанияларда жұмыс істей алады.

Мемлекеттік сектордан жұмыс берушілер қатарына Ұлттық банк, Қаржы министрлігін және бейінді министрліктерді жатқызуға болады. Бұдан басқа біздің бакалавриат түлектерінің әлемнің беделді жоғары оқу орындарында экономика, математика немесе статистика бойынша магистратурада мен докторантурада (PhD) оқуды жалғастыруға жақсы мүмкіндігі болады.

Қазақстанда оқып, Лондон Университетінің дипломын алыңыз!