Қолданбалы геология

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - География
Бағасы
826 900 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 140 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Геологияда геоақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдану бойынша терең даярлығы мен тәжірибесі мол мамандарды даярлайды. Бағдарлама әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларын және геологиялық, тау-кен өнеркәсібінде заманауи және жаңа бағдарламалық өнімдерді пайдаланудың ағымдағы тенденцияларын ескере отырып, өндіріс секторымен тығыз байланыста әзірленген.

Қолданбалы геология Жерді геологиялық зерттеудің, геокарта жасаудың, картографиялаудың, қашықтықтан зондтаудың әдістерін үйретеді, сондай-ақ қолданбалы геоақпараттық жүйелермен және технологиялармен, заманауи бағдарламалық өнімдермен және мәліметтер базасымен жұмыс істеудің барлық аспектілерін қарастырады.

Бағдарлама физикалық геология, құрылымдық геология, минералогия, петрография және т.б. сияқты міндетті негізгі және бейінді геологиялық пәндерді қамтиды.

Базалық және бейінді пәндерге студенттің өз қалауы бойынша екі оқу бағыты таңдап алынады: мұнай және газ кен орындарында, қатты пайдалы қазбалар кен орындарында (алтын, қара және түсті металдар, уран, сирек кездесетін жер элементтері және т.б.), «Геологиядағы геоақпараттық жүйелер», «Геологиядағы математикалық модельдеу әдістері», «Геостатистика және модельдеу әдістері», «Геологиядағы заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету», «Минералды ресурстар мен қорларды геологиялық бағалау», «Геологиялық процестер мен мұнай-газ кен орындарын модельдеу».

Студенттер геологиялық мақсатқа арналған ақпараттық жүйелерді пайдалануды, геологиялық, математикалық модельдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалармен жұмыс істеуді, жаңа халықаралық KazRC стандарттары бойынша қорларды есептеуді және геологияда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) қолдануды үйренеді.

Түлектер үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу үшін заманауи технологияларды қолдануды, геоақпараттық технологиялар саласында қазіргі тенденцияларға сәйкес шешімдер қабылдау үшін ақпаратты талдауды үйреніп шығады.

Бағдарлама Қаратау қаласындағы жеке оқу полигонында геологиялық оқу практикасынан өтуді, геологиялық, геологиялық барлау және іздестіру ұйымдарында, тау-кен және мұнай-газ компанияларында екі өндірістік тәжірибеден өту кезеңін қамтиды. Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жетекші университеттерде білім алады.

Түлектер еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Олар геологиялық, консалтингтік, мұнай-газ және тау-кен өндіруші компанияларда жұмыс істейді, атап айтқанда, «Қазцинк», «Polymetall», «KazMinerals», «Karachaganak Petroleum Operating», «Теңізшевройл» және т.б.