Жобалау менеджменті
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
Жобаларды басқару бағдарламасы өнеркәсіптің мұнай-газ және басқа да жоғары технологиялық салаларында, жобалық-бағыттық өндіріс орындарында ірі-ірі кешенді жобаларды басқарушы мамандарды даярлауға бағытталған.
Түлектер 1,0 және 1,5 жылдық оқу мерзімінде – экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алып шығады немесе 2 жылдық оқу мерзімінде – экономикалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады.
Магистранттар жобалық менеджменттің теориясы мен практикасын, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық жүйесін құру және жобаларды басқару әдістері мен құралдарын қолдануды үйреніп шығады. Оқытушылар ретінде сертификатталған жоба менеджерлері тартылады (PMP, IPMA holders).
Бұл бағдарламаның студенттері жобаның мақсаттық көрсеткіштері мен тиімділік критерийлерін; жобаның шектеулерін, ерекшеліктері мен болжамдарын анықтау дағдыларын; жобаның кестесі мен ұйымдастырушылық-рөлдік құрылымын жасауды; персоналды ынталандыру жүйесін, жобалық тәуекелдерді басқару және бақылау; жобаны іске асыру үшін қажетті ортаны құру дағдыларын меңгеріп шығады.
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Қосымша оқу бағдарламасы PMP бағдарламасының теориялық құрамасын егжей-тегжейлі толықтырады, бұл түлектерге PMP емтихандарын өздігінен тапсыруға мүмкіндік береді.
- Ыңғайлы, аралас оқу формасы жұмыс пен сабақты қатар алып жүруге және алған білімді күнделікті жұмыста қолдануға мүмкіндік береді.
- Оқытушылар – халықаралық және қазақстандық білікті мамандар мен тәжірибесі мол зерттеушілер.
Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби тәжірибеден өтеді және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Брунель университетінде (Ұлыбритания), Стокгольм технологиялық университетінде (Швеция), Метрополитен университетінде (Венгрия), сондай-ақ басқа да ірі-ірі білім беру және зерттеу орталықтарында оқи алады.