Вагондарды жасау, жөндеу және пайдалану технологиясы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В065 Автокөлік құралдары Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Теміржол көлігі жұмысына қажетті кадрларды даярлайды. Бағдарлама көлік техникасы құрылысын жобалау, оларды жөндеу және пайдалану саласы бойынша жұмыс істейтін инженерлерді даярлайды.

Студенттер вагон құрылысы мен оны шығару, жөндеу технологиясының теориялық және физикалық негіздерін, бөлшектерді қалпына келтірудің заманауи әдістерін үйреніп шығады, механика заңдары негізінде машиналар, механизмдер мен құрылымдық элементтердің беріктігі, сенімділігі мен орнықтылығының техникалық мәселелерін шешеді, сондай-ақ өндірістік процестердің параметрлерін есептеу және олардың техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін біліп шығады. Студенттер конструкторлық құжаттаманы жүргізуді, вагон құрылысын жобалау, оларды тораптары бойынша құрастыру және жөндеу, олардың бөлшектерін шығару мен жөндеудің технологиялық процестерін жобалауды үйренеді.

Оқу барысында студенттер «Қамқор-Вагон», «Қамқор-Локомотив» серіктестіктерінде, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» пайдалану локомотив депосында, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК-ның жобалық-тәжірибелік орталығында өндірістік тәжірибеден өтеді. Басқа қалалар мен ауыл-аймақтан келген студенттер өздерінің тұрғылықты жері бойынша осы компаниялардың филиалдарында тәжірибеден өте алады.

Түлектер машина жасау және машина жөндеу кәсіпорындарында, көлік жабдықтарын, жылжымалы құрамды шығаратын өндіріс орындарында, көлік құралдарын пайдалану және жөндеу кәсіпорындарында, жобалау, конструкторлық және технологиялық ұйымдарда, жүк тасымалдау қызметтерінде, машина жасау және жөндеу зауыттарының дилерлік кеңселерінде, көлік басқару қызметтерінде, сондай-ақ арнайы жылжымалы теміржол құрамының бригадаларында жұмыс істейді.

Сонымен қатар түлектер вагон құрастырушы, вагон депосы цехының бригадирі, жөндеуші инженер, вагон жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы немесе жетекші инженері, вагон пайдалану депосының бастығы, көлік қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі бас инженер және т.б. қызметтерді атқара алады.