Көлік инженериясы
Жоғары білікті, жан-жақты білімді жол құрылысшыларын, жерүсті көлігі мен көлік жүйелерін жобалау, пайдалану және жөндеу саласына қажетті мамандарды даярлайтын бағдарлама.
Бағдарлама инженерлердің кәсіби стандарттарына қойылатын еуропалық талаптарға сәйкес құрастырылған және Болон процесінің принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Студенттер автокөлік кәсіпорындарын жобалаудың заманауи әдістері, көлік техникасын жөндеу және технологиялық процестер, жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік саласында базалық түсініктерді қалыптастыратын пәндердің кең спектрін оқиды. Курстық және дипломдық жобалау ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.
Студенттер жерүсті көлігінің құрылысын жобалау және оны жөндеу, технологиялық жабдыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыру, көлік техникасын пайдалану, көлік жүйесін дамыту, көлік түрлерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қарым-қатынас жүйесін ұйымдастыру салалары бойынша білім алады.
Арнайы пәндермен қатар студенттер ақпараттық технологиялар саласында дайындықтан өтеді (CAD-CAM-CAE жүйелерінде студенттердің компьютерлік дайындығы), өнертапқыштық қызметті және зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды үйренеді.
Практика көлік саласындағы мамандарды даярлау процесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады, ол студенттердің оқу процесінде алған білімдерін бекіту және тереңдетуге, сондай-ақ көлік инженериясы бойынша қажетті дағдылар мен машықтарды игеруге арналған.
Оқу және өндірістік практикадан өту кезінде студенттер көлік саласын, көлік техникасы мен технологиясын, логистиканы, басқару және өзге де байланыстарды дамыту үшін ресурстық базаның маңызы, қызмет тұтынушылармен өзара іс-қимыл сипаты, көлік қызметін көрсететін құрылымдағы маманның орны мен рөлі туралы жалпы түсінік алады.
Студенттердің диплом алды практикасы бакалаврды дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады және бітірушінің бастапқы кәсіби тәжірибесін меңгеруі үшін, болашақ бакалаврдың өзіндік еңбек қызметіне кәсіби дайындығын тексеру және бітірушілердің біліктілік жұмысын орындау үшін материалдар жинау үшін жүргізіледі. Бұл кезеңде күрделі міндеттерді шеше алатын білікті қызметкерді қалыптастыру болып табылады.
Түлектер «Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры» біліктілік дәрежесін алып шығады да, көлік техникасы мен жабдықтарын шығаратын машина жасау зауыттарында, көлік құралдарын пайдаланатын кәсіпорындарда инженер болып жұмыс істейді.