Ақпарат:

Қалалар мен аумақтарды дамытуды басқару

Деңгейі
Бағасы
1 200 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 400 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
upravlenie-razvitiem-gorodov-i-territoriy
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М122 Сәулет

Архитектуралық типология

Қала құрылысының негіздері

Бағдарлама қалалар мен жаңартылған аумақтардың кеңістік жағынан дамуы, көлік және аумақтық жоспарлау, қалаларды аймақтарға бөлу салалары бойынша мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл қала өмірімен жұмыс істейтін мамандарды даярлауға бағытталған алғашқы бағдарламалардың бірі.

Магистранттар негізгі құқықтық және басқармашылық жөніндегі пәндерді игеріп шығады, қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың негізгі теориялары мен механизмдерін, қала туралы деректерді талдауды, қалалық аумақтардың инфрақұрылымын дамыту әдістерін, көлікті жоспарлауды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ұйымдастырушылық, басқарушылық және өндірістік-технологиялық құзыреттіліктер мен дағдыларды қолдануды үйренеді.

Магистранттар қаланы дамытудың дұрыс стратегиясын әзірлеуді, менеджмент арқылы тұрғын үй және қоғамдық кешендерді жобалауды, аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру шешімдерін ұсынуды, инфрақұрылымдық жобаларды құру, дамыту және пайдалану процестерін басқаруды үйреніп шығады.

Мамандықтың теориялық негіздерін оқып-үйренумен қатар магистранттар кәсіпорындарда тағылымдамадан және кәсіби тәжірибеден өтеді, сондай-ақ BIM-технологияларын қолдану арқылы кешенді магистрлік жобаларды орындайды.

Түлектер мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесінде, қала құрылысы, қала құрылысы бойынша кеңес беру, қалалардың инфрақұрылымын дамыту саласында әртүрлі деңгейдегі мамандық лауазымдарын немесе басшылық лауазымдарды атқарады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту