Ақпарат:

Әбсаметов Мәліс Құдысұлы

Әбсаметов Мәліс Құдысұлы

ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі

calendar
Оқу жылдары: 1970-1975 жж.
cap
Мамандығы: "Гидрогеология және инженерлік геология"

Мен 1970 жылы В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Геологиялық барлау факультетінің «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығына оқуға түстім.  Біздерді, сол кездегі жастарды, геология саласы өзінің романтикасымен (ақшатыр, табиғат, гитара, алау), саяхаттаумен, жаңа, бейтаныс дүниемен танысумен баурап алды. Неге Политех? Бұл геологтар дайындайтын астаналық жетекші институт еді.

Оқитын пәнге деген сүйіспеншілікті оқытушылардың өздері бойымызға сіңірді – олардың бірбеткейлігі, өз пәндеріне деген ерекше сүйіспеншіліктері бізге де берілді, сондықтан да менен ең сүйікті пәнім қайсы болды деп сұраса, пәнді емес, бірден оқытушыны еске аламын. Оқытушыларға менің жолым болды деп ойлаймын. Олар ірі ғалымдар және өз істерінің кәсіби шеберлері болды. Көбісі соғыстан кейін бізге Мәскеуден, Ленинградтан келді. Онда Одақтың жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары қызмет атқарды. Бірнешеуін ғана атап кетейін – Медоев Г.Ц., Шлыгин Е.Д., Федин Н.Ф., Шипулина В.Г., Лисогор К.А. және тағы басқалары.

Оқытушыларға менің жолым болды деп ойлаймын.

Негізі, студенттік өмірден адам есінде тек қана жақсы естеліктер қалады. Әрине, бұл қалыпты жағдай, жастық шақ, оптимизм, үлкен жоспарлар жасау, т.б. Менің мамандығымның ерекшелігі – студенттік жылдары тобымызбен геологиялық, инженерлік-геологиялық, бұрғылау тәжірибелеріне шығатынбыз.

Дипломдық жұмысым Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы кентін сумен жабдықтауға арналды, кандидаттық диссертациям қатты пайдалы қазбаларды гидрогеохимиялық іздеумен байланысты, ал докторлық жұмысым жерасты суларының химиялық құрамын қалыптастыруды және рудалық пайдалы қазбаларға физика-химиялық модельдеу мен бейнелерді танып білу әдістерін қолдану арқылы болжамдық бағалауды үйрену болды.

Мен үнемі ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқым келетін, сол себепті институтты бітіргеннен кейін ҚР ҒА-ның Гидрогеология және гидрофизика институтына инженер болып орналастым. 2 жылдан кейін оқуымды аспирантурада жалғастырдым. Онда менің ғылыми жетекшім ірі ғалым, гидрогеолог, ҚР ҒА академигі Ж.С.Сыдықов болды, ал зертханадағы жұмыстарыма менің кіші басшыларым ғылым кандидаттары Давлетгалиева К.М., Вампилов В.Г., Дементьев В.С. және т.б. жетекшілік жасады. Осындай керемет ұстаздарымның арқасында қысқа мерзім ішінде кандидаттық диссертациямды қорғап шықтым, ал содан кейін КСРО ЖАК шешімімен геология-минералогия ғылымдарының докторы дәрежесін иелендім.

Еңбексүйгіштік, білімге және жаңалыққа деген құштарлықекенін түсінуге көмектескен өзімнің оқытушыларым мен ұстаздарыма ерекше алғыс білдіргім келеді.

Менің ғалым болып қалыптасуыма университет қабырғасында алған базалық білімім үлкен септігін тигізді. Кәсіби қызметте мақсатқа жету үшін ең басты сапа – еңбексүйгіштік, білімге және жаңалыққа деген құштарлықекенін түсінуге көмектескен өзімнің оқытушыларым мен ұстаздарыма ерекше алғыс білдіргім келеді. Өйткені геологиядағы көптеген пәндер жаттап алуға құрылған: палеонтология, минералогия, өңірлік геология, петрография және т.б.

Қазір мен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ құрылымына енген  У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының директорымын. Біз магистрлер мен докторанттар дайындауға қатысамыз. Жас ғалымдар гидрогеологиялық ғылымның өзекті тақырыбы бойынша заманауи ғылыми жабдықтарды пайдаланып, ғылыми зерттеулермен айналысуды «аудиторияларда емес, зертханаларда» үйренеді.

Алдағы уақыттарда да туған Политехті «топ» университеттер қатарынан, яғни заманауи ғылыми-білім беру базасы бар, мықты, талантты және өз істеріне шынайы берілген оқытушылармен, сондай-ақ еңбексүйгіш, білімге құштар, өз Отанын сүйетін студенттермен көргім келеді. Болашақ түлектер, сіздерге айтарым: «Сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар! Инженерлік білім үнемі қажет, ел экономикасы – бұл инженерлер. Сіздерге оқуда жетістік және жоғары білікті маман болуды тілеймін!»

9 желтоқсан 2019 9400
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту