Ақпарат:

Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы

Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы

ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиясы институты «Жүйелі талдау және басқару» зертханасының меңгерушісі

calendar
Оқу жылдары: 1954-1959 жж.
cap
Мамандығы: "Түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы"

ҚазҰТЗУ-ға (бұрынғы Қазақ Тау-кен металлургия институты) 1954 жылы түстім. Таңдауыма негіз болған инженер кадрлар дайындаудағы ҚазТМИ-дің атағы еді. Инженер дайындайтын ЖОО-ға түсу арманымның орындалғандағы қуанышым ерекше болды.

Мен қиялымдағы түсті металлургия ірі кәсіпорындарында инженерлік қызметтің маңыздылығы мен романтика жөніндегі түсінігімді басшылыққа ала отырып, «Түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы» мамандығын таңдадым. 1959 жылы оқуды аяқтағаннан кейін осы жерде жаңадан ашылған «Металлургиялық процестерді автоматтандыру» мамандығына түсіп,1960 жылы аяқтадым.

Университетте маған ерекше ұнаған пән «Металлургиялық процестер теоориясы» болды, ол металлургия негіздерін түсінуге мүмкіндік берді, ал арнайы сабақтар бойынша – «Автоматты реттеу теориясы» болды, ол металлургиялық процестерді автоматтандырудың негізі болатын. «Ерекше қиын» деген пәндер мен үшін болмады.

Инженер кадрларын даярлау үшін университетке түсу туралы арманымды жүзеге асырудағы қуаныш үлкен болды.

Есімде қалған оқытушылардан кімдерді жиі еске аламын? «Металлургиялық процестер теориясы» бойынша Константин Васильевич Сушков пен Әбдеш Құрамаұлы Беделбаевты айтар едім.

Оқу кезінде мен содалы электр қуатымен балқыту процесін зерттеумен айналыстым (ғылыми жетекшім К.В.Сушков), одан кейін тәжірибе кезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға ауыспалы инженер ретінде қатыстым. Менің дипломдық жобам да осы тақырыпқа арналды.

Бітірер кезде жоспарымда оқуымды аспирантурада жалғастыру және зерттеумен айналысу болды. ҚазТМИ басшылығының шешімімен мені Мәскеудің болат және балқыту институтына аспирантураға мақсатты жолдамамен жіберді. 1964 жылы «Математикалық модельдер көмегімен тотыққан никель кендерін шахталық балқытуды зерттеу» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым, ал 1972 жылы техника ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Шахта пештерінде түсті металдардың концентраттары мен кендерін балқытуды оңтайлы басқару» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғадым.

Аспирантураны аяқтағаннан кейін ҚазПТИ-де жұмысымды бастадым. Аға инженер қызметінен бастадым. 1976–1985 жылдары В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің ректоры болдым. Сол кездерде менің жетекшілігіммен және тікелей атсалысуыммен жобаларды басқаруға заманауи тәсіл ережесі аясында мамандардыдайындаудың сапасын басқарудың кешенді жүйесі (МДСБКЖ) түрінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және кадрлар дайындау жөніндегі ЖОО қызметінің ғылыми-әдістемелік және менеджменттің нормативті базасының жұмыстары әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Осы жұмыс 1985 жылы Мәскеу қаласындағы ХШЖК-де күміс медальмен марапатталды. Сондай-ақ ҚазПТИ Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, бірнеше рет КСРО мен ҚазКСР-де социалистік жарыстардың жеңімпазы деп танылды және КСРО-дағы жетекші ЖОО қатарына кірді.

Сондай-ақ ҚазПТИ Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, бірнеше рет КСРО мен ҚазКСР-де социалистік жарыстардың жеңімпазы деп танылды және КСРО-дағы жетекші ЖОО қатарына кірді.

Менің белсенді атсалысуыммен Алматы Сәулет-құрылыс институты мен Рудный индустриалды институты ұйымдастырылды, СҒЗЖ республикалық кеңес қызметінің менеджмент негіздері және ғылыми-әдістемелік базасы жасалды, Алматы қаласында СҒЗЖ бойынша Бүкілодақтық іс-шаралар жүргізу базасына себеп болды. 1989 жылы ҚР ҒА Математика және механика институтына директордың орынбасары болып тағайындалдым, республикалық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайландым.

1991 жылы менің жетекшілігіммен және тікелей атсалысуыммен ҚР Ғылым академиясы Ақпараттану және басқару проблемалары институты (қазіргі ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеу технологиясы институты) ұйымдастырылды. 1991–1994 жж. осы институттың директоры қызметін атқара жүріп, жаңа институт қалыптастыру бойынша жұмыстар атқардым, оның ақпараттану, басқарудың теориялық және қолданбалы қырлары саласындағы іргелі мәселелерін шешуге ұжымды бағыттау мен ғылыми бағдарламасын әзірлеуді жасадым.

1994 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Жоғары аттестациялық комиссияның төрағасы болып тағайындалдым. 1995 жылдан бастап Ақпараттану және басқару мәселелері институтының ғылыми кеңес берушісі болып қосымша қызмет атқардым. 1997 жылдан бері ҚР БҒМ ҒК Ақпараттану және есептеу технологиясы институты Басқару және талдау жүйесізерханасының меңгерушісі болдым.

2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі болып сайландым. 2009 жылдан бүгінгі дейін «Нарықтық экономиканы дамытудың параметрлік реттеу теориясы» ғылыми бағытының жетекшісімін, нәтижелері динамикалық жүйелер теориясы, дифференциалды бейнелер, ақпараттық технология, макроэкономика теориясы түйісінде орналасқан. Барлығы 460 ғылыми жұмысым жарық көрді (монография – 22, патент – 15). Менің жетекшілік етуіммен 44 кандидаттық диссертация қорғалды, 10 ғылым докторы дәрежесіне ізденушілерге ғылыми кеңес беруші болдым.

ҚазТМИ-де алған түсті, асыл және сирек металдар мен металлургиялық процестерді автоматтандыру бойынша маманданудың инеженер-металлург мамандығы ақпараттық технологиялар тәжірибесі мен теориясы әлеміне басқан алғашқы қадамым және әртүрлі лауазымдық қызметтердегі міндеттерімді табысты атқаруымның негізі болды.

Өз қызметімнің саласында туындаған кез келгенмәселелер мен міндеттерге қажетті тұлғалық қасиеттер қатарынан жүйелі тәсілдемені бөліп көрсетер едім. Бұл негізді ЖОО өзінің кадрлар дайындаудағы академиялығымен және іргелігімен қалады, алдағы уақытта тәжірибеде ресімделді және менің жұмысымда жетекші қызметке ие болды. Осы сапаларды қазіргі ҚазҰТЗУ-да оқытушылық қызметте жүргенде дағдыға айналдыруға тырыстым.

Болашақта Satbayev University-ді цифрландырудың дамытушы талаптары рухында инженер кадрлар дайындау бойынша әлемдік рейтингілі көрсеткішке ие университет ретінде көремін.

Университет түлегі болашақ кәсіби қызметінің пәндік саладағы даму динамикасын бақылауы, әр пән бойыншаоқуды өту деңгейінде қарастыруы тиіс деп ойлаймын. Бұл болашақ кәсіби қызмет міндеттерінің ұстанымдарын есепке ала отырып, сәйкес пәндерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Өз ісінің асқан кәсіби маманы болуы үшін, болашақ маман креативтілік пен жоғары ұйымдастырушылық қасиетке ие болуы тиіс, бөлек пәндерді де меңгерген, білім, білік, дағдыны біріктірген, сонымен бірге кәсіби қызмет міндеттері мен мәселелері саласында озық болуы тиіс.

Бірінші курс студенттеріне айтарым: «Сіздер заманауи қоғамда өз болшақтарыңызды белсенді жасаушысы ретінде армандарыңызды жүзеге асыра алатын жоғары оқу орнын таңдадыңыздар!»

12 желтоқсан 2019 9070
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту