Ақпарат:

Валиев Хусаин Хасенович

Валиев Хусаин Хасенович

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры (2001-2019)

calendar
Оқу жылдары: 1966-1971 жж.
cap
Мамандығы: "Инженер-металлург "

1966 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы (Семиозерный ауданы), Аманқарағай кентінде орналасқанН.Островский атындағы 11 жылдық мектепті аяқтап, ҚазПТИ-ге оқуға түстім. ҚазПТИ, қазіргі ҚазҰТЗУ – еліміздегі ең үздік техникалық жоғары оқу орны. Оқуға түскенде мен және ата-анам мақтаныш сезімінде болдық, өйткені солы жылы екі бірдей 10 және 11 сынып оқушылары мектеп бітірді, оқуға түсу үшін конкурс өте үлкен болды.

Мен металлургия факультетінде инженер-металлург мамандығына оқыдым. Қазақстан КСРО-дағы металлургиялық кешен бойынша ең мықтыларының бірі есептелетін. Металлург мамандығы беделді және ақшасы жақсы мамандықтардың бірі еді, оның үстіне мансапты өсуіңе және ғылыммен айналысуға үлкен мүмкіндік болды.

Сүйікті пәндерім металлургия бойынша арнайы пәндер болды. Біз Менделеев периодты кестесінің барлық элементтерінің химиясы мен технологиясын дерлік оқыдық. Мен үшін бұл өте қызық болды және оның басым бөлігі Қазақстан кенорындарында орналасқан. Ең қиын пәндер механика бойынша болды, олар: сопромат, теориялық механика, машиналар мен механизмдер теориясы, химиялық технологиялар процестері және аппараттары.Тынымсыз еңбек, кеңес алулар, кітапхана осы қиындықтарды жеңіп шығуға көмектесті және мен «5» пен «4» деген баға алдым. Жылдар өтсе де өзімнің оқытушыларымды еске аламын, әсіресе, арнаулы пәндерден дәріс берген Есеркегенов Г.М., Нұрмағамбетов Х.Н., Ратсева З.Т., Слуцкий И.З., Тараненко Б.И. және т.б. Бұлар өз пәндерінің нағыз мамандары еді.

«Политехте» өте сапалы білім алдым деп санаймын.

Оқу жылдары сирек металдар технологиясы бойынша шаруашылық шартпен жобаға қатыстым. Жетекшім жеңіл және сирек металдар кафедрасының меңгерушісі Г.М.Есіркегенов болды. Институтты бітіргеннен кейін ғылыммен айналысқам келді және мені аспирантураға түсу үшін ұсынды. Аспирантураны аяқтағаннан кейін аға оқытушының ассистенті болып істедім, одан кейін Өскемен қаласындағы жалпы техникалық факультет кафедрасының меңгерушісі болдым. «Политехте» өте сапалы білім алдым деп санаймын. Мен үнемі мақтаншыпен: политех – бұл «alma-mater» деймін. Менің отбасым – жұбайым, екі ұлым «политех» бітірді. Бұл дәстүрді біз жалғастыруға ниеттіміз.

ЖОО-ның орны менің өмірімде орасан зор. Кандидаттық, докторлық диссертацияларымды қорғадым, профессор атандым, Академиялардың мүшесі болдым. ҚР Парламентінің депутаты болып сайландым, ЖОО-да (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) екі рет ректор болдым, екі рет өз университетімнің проректоры болдым. Осыларды мақтан етемін! Тіпті қазірде мен өз кәсібіме берілгенмін, өзімнің сүйікті пәндерім – түсті және сирек металдар металлургиясы пәндерінен сабақ бергім келеді.

Бүгінгі талапкерлерге өз мамандығын таңдауда жақсылап ойланып, ал таңдағаннан кейін білікті маман бол дегім келеді. Сонда ғана мамандыққа сұраныс, мансаптық өсу және басқалары болады. Еңбексүйгіштік – өз ісінің кәсіпқой маманы болу үшін болашақ бітірушіге қажет дүние, міне нағыз басты сапа осында.

10 сәуір 2020 6012
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту