Казатомпром
Мақсатты магистратураның «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына жұмысқа алу жөніндегі «Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» атты бағдарламасы
Бейінді бағдарлама.
Оқу мерзімі: 1,5 жыл.
Оқу бітіргеннен кейін: өндіріс орнында жұмыс істеу.
Академиялық дәрежесі: мамандығына сай техника мен технология магистрі.
«Қазатомөнеркәсіп» – табиғи уран өндіру жөнінде дүние жүзіндегі алдыңғы компаниялардың біріншісі, Қазақстан Республикасының уранды, сирек кездесетін металдарды, электр станцияларына арналған ядролық тоынды экспорттау-импорттау жөніндегі ұлттық операторы. Құрамында 27 мыңға жуық қызметкерлері бар, Қазақстанның 6 аймағында 80 астам өндірістік объектілері орналасқан.
«Қазатомөнеркәсіптің» стратегиялық мақсаттары – табиғи уран өндіру жөнінен әлемдік нарықтың үнемі алдыңғы қатарында болу. Сондықтан да компания өз қатарына мамандарды тарту ісіне өте мұқият қарайды. Компанияның кадрлық саясаты әртүрлі масштабтағы күрделі жобаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, тәжірибелерін жетілдіруге, сөйтіп әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандардың тұтас командасын құруға бағытталған.
Осыған сәйкес Сәтбаев университеті базасында кадрларды даярлау жөніндегі бағдарламалар аясында «Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» құрылып, геология, өндірісті автоматтандыру және химиялық технология саласындағы мамандықтар бойынша гранттық негізде оқу бағдарламалары ашылған.
Орталықта оқу аясында бейінді магистратураның мына мамандықтар бойынша оқыту бағдарламасы іске қосылды. Олар: «Геологиялық түсірім, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау», «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару».
Бағдарламаның ерекшелігі
- 3 мамандық жеке-жеке даярланған;
- Оқу тек қана ағылшын тілінде жүргізіледі;
- Өнеркәсіптік консультативтік кеңестің оқу бағдарламасын дайындауға қатысуы;
- Білім беру жүйесі өте ыңғайлы (модульді оқу түрі);
- Инновациялық технологиялар бойынша оқу (мультимедиалық дәрістер);
- Білім трансфері технологиясы – аралас сабақ өткізу түрі, яғни мұнда оқытушылар сабақты «ҚАӨ қызметкері – СУ профессоры» тандемі негізінде жүргізеді;
- Шетелдік профессорлы-оқытушылар құрамы;
- ҚАӨ және басқа да серіктес компаниялар базасында кешенді тәжірибе жинақтау;
- Шетелдік серіктес университеттерде халықаралық тағылымдамадан өту;
- Бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жасау.
Мемлекеттік грант ұтып алған студенттер жоғары шәкіртақыға қол жеткізіп, тегін оқуға мүмкіндік алады және оларға жатақханадан орын беріледі. Сонымен қатар зертханасы мен өнеркәсіптік орталықтары бар «Қазатомөнеркәсіп» объектілерінің бірінде өндірістік тәжірибеден өтіп, оқу бітіргеннен кейін әлемдік жетекші компаниялардың біріне жұмысқа тұруға мүмкіндік алады.
«Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» (МЕНОЦАП) – Қазақстандағы уран өнеркәсібінің ең ірі ғылыми-әдістемелік орталығы болып саналады. Осы орталық аясында «Білімнің сандық банкі» құрылған, ол «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының талай жыл жинақталған салалық тамаша тәжірибелерін жетілдіріп, бір жүйеге келтіріп отырады. Осы жинақталған мол тәжірибені жастарға үйрету мақсатында «Қазатомөнеркәсіптің» Құрметті профессорлар ассоциациясының мүшелері – «Ақсақалдар кеңесі» орталық жұмысына белсене араласады.
Орталықтың ғылыми-білім беру кешені
- «Инновациялық геология-минералогиялық зертхана»;
- «SU-Honeywell» оқу орталығы;
- ТМИО кафедрасының технологиялық жабдықты монтаждау, орнату және жөндеу жөніндегі зертханасы;
- Металлургия зертханасы;
- Schneider Electric – энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласындағы Қазақстан-француз білім беру орталығы;
- Нанотехнологиялар зертханасы;
- Уран технологиясындағы физика-химиялық үрдістер зертханасы;
- РБ ПБ және БИОТ кабинеті;
- Технологиялық үрдістердің виртуалды тренажерлары;
- Siemens WIN CC – АСУТП кәсіби ортасы;
- Visim – үрдістерді математикалық жобалау жүйесі.
Орталықтың академиялық серіктестері
- Université Pierre et Marie Curie (Франция),
- Université of Rennes (Франция),
- The University of Arizona (АҚШ),
- McGill University (Канада),
- University Putra (Малайзия),
- University of Surrey (Ұлыбритания),
- KTH Royal Institute of Technology (Швеция),
- University of Cambridge (Ұлыбритания),
- Georgia Institute of Technology (АҚШ),
- Томск политехникалық университеті,
- Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті.