Ақпарат:

Бейінді магистратура

Магистранты Satbayev University

Бейінді бағдарлама.

Оқу мерзімі: 1–1,5 жыл.

Оқу бітіргеннен кейін: өндіріс орнында жұмыс істеу.

Академиялық дәрежесі: техника және технология магистрі.

 

Бейінді магистратура жоғары орнынан кейін кәсіби білім беру мақсатында тереңдетіп оқытылатын бағдарламалар бойынша өндіріс орындарына қажетті мамандарды даярлайды. Бакалавриат бағдарламалары бойынша білімі бар тұлғалар ғана мұнда әрі қарай білімдерін шыңдай алады. Сондай-ақ өз мансаптарын дамытқысы келетін кәсіби мамандар да мұнда білім мен тәжірибелерін жетілдіре алады.

Бейінді магистратура сонымен қатар басқарушылық қабілет пен кәсіби машықтануды дамытуға, өндіріс орындарын жетекші мамандармен және басшылық қызмет атқаратын мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы білім беру бағдарламаларын да жүзеге асырады.

Бейінді магистратура бағдарламалары бойынша оқу ақылы түрде жүргізіледі, тек Қазақстан өндіріс орындарын дамытуға қажетті стратегиялық маңызы бар мамандарды даярлау ғана тегін. Оқу үрдісі аяқталғаннан кейін бітірушілерге магистр дәрежесін анықтайтын диплом табыс етіледі.

Оқуға түсу үшін статусыңызды анықтайтын қажетті құжаттамаларды және екі пән бойынша емтихан тапсыру керек: мамандығы бойынша және ағылшын тілінен.      

Алғашқы бір жыл студенттер университетте оқыса, қалған уақытта Қазақстанның кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді де, әрі қарай сонда жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастырады.

Сәтбаев университетінде оқу курсы жан-жақты толық даярланып, сапалы білім беруге кепілдік бола алады, өйткені серіктес жоғары оқу орындарымен келісе отырып, барлық пәндер бойынша силлабустар мен оқу-әдістемелік жоспарлар жасалған. Мұнда жоғары мамандандырылған педагогтар құрамы мен шетелдік профессорлар сабақ жүргізеді. Оқытушылар жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Барлық білім беру бағдарламалары шетелдік серіктес жоғары оқу орындары мен салалық кәсіпорындар тарапынан қолдау тауып отыр.

Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің (УМКД) электрондық нұсқасы lms.kazntu.kz.

Студенттердің практикалық және тәжірибелік сабақтары толығымен халықаралық стандарттарға сай келеді. Бағдарламалар бойынша өнеркәсіп өндірістері дамуының барлық басты бағыттарына инновациялық зертханалар бекітілген, олар: 

  • 2016 жылы құрылған «Технологиялық машиналарды қолдану және өндірістік кешендерді автоматтандыру» кешенді зертханасы; 
  • «Машина жасаудағы сандық технологиялар» зертханасы;  
  • «Химиялық синтез және мұнай өндіру» зертханасы;
  • «Электрондық құрылғыларды монтаждау және жобалау» зертханасы.  

Магистранттар академиялық сабақтардан басқа магистерлік диссертация бойынша ғылыми-зерттеулік жұмыстарды орындайды. Өндірістік практика үшжақты келісім-шарт бойынша өндіріс орындарында өтеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту