Ғылыми кітапхана

Книги библиотека

Сәтбаев Университетінің Ғылыми кітапханасы – университетпен бірге 1934 жылдың 22 қыркүйегінде Семей геологиялық барлау техникумы базасында құрылған. Алғашқы кітап қоры 1000 дананы құрады. Қазыргі уақытта кітапханада В.К. Монич, К.Г. Воиновский-Кригер, А.В. Бричкин сияқты зерттеушілердің геология, тау-кен ісі жөніндегі сирек еңбектерінен, көрнекті ғалымдарымыз Қ.И. Сәтбаев, А. Машани, О.Ә. Байқоңыровтардың ғылыми еңбектері мен әлемге танымал баспагерлердің жаңа басылымдарынан құралған 2 миллионға жуық ғылыми-техникалық оқулықтардан тұратын кітап қоры бар.

Қазіргі кезде Сәтбаев Университетінің Ғылыми кітапханасы университеттің ақпараттық, мәдени-ағартушылық орталығы, оқытушылар мен студенттерге арналған білім берудің ғылыми ақпарат көзі болып табылады. Кітапхананың  инфрақұрылымы 4 бөлімнен тұрады: 8 абонемент пен 7 оқу залдары арқылы оқырмандарға 15 нүктеде қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі. Оқу залдарының барлығы заманға сай компьютерлермен жабдықталған. Қазіргі уақытта кітапхана 7 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетеді.

Университеттің ғылыми және білім беру қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кітапхана қоры үнемі жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. Жыл сайын білім беру бағдарламалары мен университеттің ғылыми жобаларының инновациялық әзірлемелерінің басым тақырыптары бойынша жетекші баспалардың мәліметтер базаларына, университеттердің әмбебап және тақырыптық электрондық жинақтарына жазылуға лицензиялық келісімдер жасалады. Университет студенттерге, ОПҚ мен зерттеушілерге шетелдік (WoS, Scopus) ұлттық лицензиясы аясында ұсынылған Elsevier, Springer, Wiley, EBSCO, IPRbooks ЭКЖ, «Лань» ЭКЖ баспасының ғылыми метрикалық мәліметтер базасына,  жетекші электрондық кітапханалардың қазақ және орыс тілдеріндегі ресурстарына қол жетімділікті ұсынады.

Ғылыми кітапхана қызметіндегі маңызды орын ол ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдау болып табылады. Кітапхана қызметкерлері оқытушыларға, ғылыми зерттеушілерге халықаралық дерекқорларды пайдалану, авторлық профильдермен жұмыс жасау, академиялық дағдыларын жетілдіру, баспа қызметін бақылау және т.б. кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін арттыруға қолдау көрсету мақсатында кітапхана жүйелі түрде тренингтер, вебинарлар, мастер-кластар және мәліметтер базасымен, жаңа технологиялармен қызмет жасау жұмыстарын жүргізу туралы тәжірибелік сабақтар ұйымдастырады.

Ғылыми кітапханаға инновациялық, заманауи «MегаПро» ААКЖ бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама кітапхананың барлық өндірістік процестерін автоматтандыруға мүмкіндік берді: қорды кітаппен қамтамасыз ету, мәліметтер базасын құру, оқырмандарға онлайн-қызмет көрсету және т.б. Бұл жаңа бағдарлама Университеттің электрондық кітапханасының 20 000-ға жуық құжаттарын қалыптастырып, дамытады.

Ғылыми кітапхана Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханасына тапсыратын құжаттар көлемі бойынша университет кітапханалары арасында көшбасшы болып табылады.

Satbayev University Ғылыми кітапханасы - бұл Алматы қаласы мен Алматы облысындағы техникалық жоғары оқу орындары мен колледждер кітапханаларының әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапханалары қауымдастығының мүшесі болып табылады.
 

Сәтбаев университетінің кітапханасы Электрондық кітапхана каталогы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту