Студенттік өмір

Студенты Satbayev University

Сәтбаев университеті студенттері кәсіби тұрғыдан даму, қоғамдық қызметте, шығармашылық пен спортта өзін таныту,  тұлғалық қасиеттерді арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді беретін қызықты, жарқын, әрі оқиғаға толы өмір сүруде! Сіз Университеттік деңгейдегі іс-шараларға ғана қатысып қоймай, қалалық, республикалық және халықаралық масштабтағы көптеген оқиғалардың ұйымдастырушысы болуыңызға да мүмкіндігіңіз бар! Бұл өзіндік өмірлік жолыңызды таңдау үшін айтарлықтай шексіз мүмкіндіктер. Сондықтан студенттік оқу жылдары білім алу, жаңалық ашу және беймәлім заттарды зерттеу жағынан маңызды және қымбат жылдар болып табылады.

Студенттік кез – бұл танысу мен ұзақ жылдарға достық қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін шақ.  Студенттік кездегі жылдар ешқашан естен кетпейді, бұл жылдар  жадыда өте жарқын күндерімен ғана сақталып қала береді. Сәтбаев Университетінің студенті болғаннан бастап, Сіз студенттік ортаға еніп, университеттің салт-дәстүрімен, күнделікті өмірімен таныса аласыз.

 

Студенттік қауымдастықтар

Сізді көптеген қоғамдық, ғылыми, шығармашылық және спорттық қоғамдастықтар, клубтар мен ұжымдар, жарқын студенттік мерекелер, мағыналы да маңызды форумдар мен конференциялар күтуде. Жыл сайын қыркүйек айында «Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі» өтеді, мұнда әркімнің өзінің қоғамдастығын ашып, таныстыруына немесе өзіне ұнаған қоғамдастыққа кіруіне болады.

 

Комитет по делам молодежи
 
Жастар ісі жөніндегі комитет


Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы университеттің студенттер мен жастардың өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы. Комитеттің негізгі мақсаты - студенттердің құқықтарын қамтамасыз ету, жастардың жеке және физикалық дамуына жағдай жасау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын іске асыру, сонымен қатар университетте студенттер мен жастардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
         instagram @kdm_su

 

SPE

Society
of Petroleum Engineers

 


Мұнай-газ саласы мамандарының коммерциялық емес қауымдастығы. Әлемнің 143 елінен 158 мыңнан астам мүшені біріктіреді, олар 200 кәсіби және 379 студенттік бөлімшелерден тұрады. Сәтбаев Университеті - Қазақстандағы ең ірі бөлім және Ресей мен Каспий аймағындағы жетекші қауымдастық, оған 1000-нан астам студент кіретін, мұнай-газ саласындағы студенттердің білімін жақсартуға және жалпы ой-өрісін кеңейтуге бағытталған арнайы іс-шаралар өткізеді, студенттер үшін ағылшын тілі және шешендік өнер клубтарын, дебаттарды, "мұнай" ойындарын, зияткерлік жарыстарды және т. б. ұйымдастырады.
         instagram @kntu.spe

 

ТехнократИнтеллектуальный клуб

 

 Зияткерлік дебат жобалары

 

Дебаттар - белгілі бір ережелер бойынша жүргізілетін пікірталастың ерекше түрі болып табылатын зияткерлік ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды дамытады, коммуникативтік мәдениет пен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, дербес шешім қабылдауға дайындайды, тұлғаның қоғамның болашақ көшбасшылары ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Сәтбаев университетінде екі пікір-сайыс клубы жұмыс істейді: "Technokrat" зияткерлік дебат клубы (қазақ лигасы) және Intellectual Debate Club "Satbayev" (орыс лигасы). Жыл сайын біздің студенттер Сәтбаев университеті ректорының кубогына арналған республикалық дебат турнирін өткізіп, әр түрлі қалалық және республикалық турнирлерге қатысады.

         instagram @technokrat_idc, instagram @satpaev_debates

 

Жас Отан

 

Jas Otan

 

"Nur Otan" партиясының жастар қанаты. Ұйымның мақсаты жастарға жол көрсететін, көшбасшы бола білетін мықты және беделді жастар ұйымын құру. СУ жанындағы "Жас Отан" ЖҚ университетте 8 жылдан астам жұмыс істейді. "Жас Отан" белсенділер тобы университетте оқуда артта қалған студенттерге арналған көмек көрсету қызметін ұйымдастырды, студенттік өмірді ұйымдастырумен айналысады, чемпионаттар, конкурстар, депутаттармен және бизнес өкілдерімен кездесулер өткізеді.
         instagram @jasotan_kaznitu

 

Enacrus


 

Enactus Satbayev University


Бұл бизнесті әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілі ретінде қарастыратын кәсіпкерлік көшбасшыларының қауымдастығы. Enactus студенттері адамдардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus серіктестері - оқытушылар мен бизнесмендер студенттерді бағыттап, командалардың тәлімгерлеріне айналады. Студенттер өздерінің жобаларын жыл сайынғы жарыстарда таныстырады.
         instagram @enactus.su

 

Лига Волонтеров
 
Еріктілер Лигасы


Университеттің «Еріктілер Лигасы» дегеніміз - осы әлемге мейірімділік пен көмек беру ниетімен біріктірілген мүдделестер ұйымы. Сәтбаев университетінде бұл ұйым әлеуметтік маңызы бар кампанияларға қатысады: әлеуметтік мәселелер туралы ақпарат таратады, көпшілік іс-шаралар өткізеді, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырады, еріктілер қозғалысын дамыту бойынша жастар жобалары мен іс-шараларының бастамашысы болып табылады.
         instagram @lv_satbayev

 

КВНЖайдарман

 

КВН (орыс лигасы) и Жайдарман (қазақ лигасы)


 

КВН - бұл әзіл-сықақ ойыны,  командалар қойылған сұрақтарға әзіл-ысқақ жауаптар, берілген тақырыптар бойынша импровизациялар, бұрын дайындалған көріністерді сахналау және т.б. бойынша өнерлерін көрсетеді. 2012 жылдан бастап Сатбаев Университетінде жыл сайын Чемпиондар кубогы үшін институттар арасындағы жарыс өткізіліп келеді. Осы жарыстың жеңімпаздары университетті BAS LIGA, Жайдарман, КВН Жоғарғы Лигасы және т.б. республикалық және халықаралық лигаларда ұсынады.
         instagram @kvn__su

 

Satbayev Time

 

Satbayev Time

 

Бұл студенттердің үлкен аудиториясын жинау мақсатында, Сәтбаев Университеті түлектерінің және талапкерлерінің әлеуметтік желілерінде өзара байланыс жасау үшін университет студенттерінің студенттік өмірімен, университеттен тыс түрлі іс-шаралар туралы маңызды ақпаратты таратумен айналысатын студенттік жоба.
         instagram @satbayevtime

 

skif

 

SKIF

 

Студенттік ұйым спорттық іс-шараларды жүзеге асырады, оның мақсаты студенттердің жалпы зияткерлік және дене бітімінің дамуына, өзінің қабілетін іске асыра білу және Сәтбаев университетіндегі бос уақытын өткізудің сапасын арттыруға ықпал ету болып табылады. Ұйым түрлі спорттық, ойын-сауық іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ киберспорт бойынша чемпионаттар ұйымдастырады (CS:GO, DOTA 2 және т. б.).
         instagram @skifsproject

 

Техносила

 

«Техносила» Зияткерлік жобасы

 



2009 жылдан бастап жұмыс істейді және Сәтбаев Университеті студенттерінің бос уақытын зяткерлік бағытта пайдалануын таратып, танымал ету және студенттердің арасында ішкі, қалалық және республикалық деңгейде зияткерлік турнирлерді ұйымдастырып, өткізумен айналысады, атап айтқанда "Брейн-ринг", "Хамса" және т.б.
      instagram @ic_of_su

 

4ARTer

 

 

«4ARTer» өнер клубы

 

 

Суретшінің мамандығы - тамаша қиял, шабыт және сурет техникаларын игеруді талап ететін шығармашылық еңбек. Бүгінгі таңда Сәтбаев университетінде шығармашылық дағдыларды дамытумен айналысатын студенттердің шығармашылық бірлестігі жұмыс істейді, оның мақсаты шығармашылық кеңістікті ұсыну және шығармашылық саласында бірлескен жобаларды әзірлеудің бірыңғай жүйесін құру болып табылады.
         instagram @4arter_su

 

Satbayev Hunterz

 

Satbayev Hunterz

 

Ұйымның міндеті - үміткерлер арасында үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізу, оларды Сәтбаев Университетіне тарту, болашақ талапкерлер мен бірінші курс студенттері үшін экскурсиялар мен іс-шаралар ұйымдастыру. Бұл Сәтбаев университетінің келбеті деп айтуға болады.
         instagram @satbayevhunterz

 

Спорттық бағдарламалау клубы ACM ICPC

The International Collegiate Programming Contest – бағдарламалау жөніндегі Халықаралық студенттік олимпиада, оны тағы да ICPC жөніндегі Әлемдік студенттік командалық чемпионат деп те атайды. Бұл бағдарламалау саласындағы ең ірі және ең қадірлі олимпиада болып табылады. Ал ACM ICPC клубы студенттерді, міне, осы олимпиадаға және келешекте Computer Science саласында қызмет етуге даярлайды.

Байланыс телефоны: 8 (727) 3204192.

Жетекшілері:

Қайырбеков Абылай Мұратович, a.kairbekov@satbayev.university.
Куникеев Айдын Даулетович, a.kunikdyev@satbayev.university.
Оразов Бауыржан, b.orazov@satbayev.university.
Рыскұлбек Ерсұлтан, e.ryskulbek@satbaye.university.

 

Аспапшы

Микроконтроллер бағдарламалауды және электроникаға үйретуші клуб.

Жетекшісі: Аймұханбетов Е.А., y.aimukhanbetov@satbayev.university.

Роботты өзің жаса

Робототехника жасауға үйретуші клуб.

Жетекшісі: Баянбай Н.А., n.bayanbay@satbayev.university.

Автоматтандырудың келешегі

Ғылыми таныстырылымдар, шешендік өнер мен өзін-өзі таныстыру, ғылыми ортада жұмыс істеуді үйретуші клуб.

Жетекшісі: Лұқманова Ж.С., zh.lukmanova@stud.satbayev.university.

English Zone

Ағылшын тілінде өтетін іс-шаралар клубы. Дәстүрлі English week шарасын өткізеді.

Жетекшісі: Тұрлыбекова А.О., a.o.turlybekova@satbayev.university.

In principio erat verbum

Шығармашыл инженерлерге арналған әдеби клуб.

Жетекшісі: Танкиева Н.Ш., n.tankyeva@satbayev.university.

instagram @SU_qaz_ru_kafedrasy

The Fake

Вокальды-аспаптар ансамблі.

Жетекшісі: Жамбыл Кулесов. Байланыс телефоны: +77025956923.

instagram @thefakegroup

Ұлттық аспаптар оркестрі

Жетекшілері:

Жанас Бекентұров – Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Байланыс телефоны: +77014021955.

Гүлбақыт Сенбиева – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Байланыс телефондары: +77772089119,  +77072089119.

instagram @scc_su

Алматы қаласының мектеп-лицейлерінде «Жалпы геология» пәні бойынша дәріс оқу.

Оқытушы: Алма Бекботаева, a.bekbotayeva@satbayev.university. Байланыс телефоны: 8 (727) 2920097.

Спорт клубының секциялары

Байланыс телефоны: 8 (727) 3204447.

instagram @Sport_for_student

Волейбол, жетекші: Жұпархан Жамбыл.
Баскетбол, жетекші: Путинцев Александр Михайлович.
Тоғызқұмалақ, жетекші: Джуашев Ермек Уразалиевич.
Шахмат, жетекші: Нигметов Алибек Жарденович.
Армрестлинг, жетекші: Тілеубердин Амангелді Тойшибекович.
Футбол, жетекші: Омаров Артик Сайдуллаевич.
Мас-рестлинг, жетекші: Фитисов Павел Викторович, Әлміш Санжар Ардақұлы.
Фитнес, жетекші: Лактионова Виктория Анатольевна.
Настольный теннис, жетекші: Терещенко Олег Никитович.

 

Кәсіптік бағдар және жұмысқа орналасу

Производство АО "НАК "Казатомпром"

Сәтбаев университетіндегі кәсіптік бағдарлама студент бірінші курсқа оқуға түскенінен бастап, яғни оның көптеген жарыстарға қатысып, өндірістік тәжірибеден өту кезінен басталады. Университет өзінің серіктес компанияларымен 460 келісім-шарт жасасқан, оның 65 түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде жасалған.

Оқу бітіргеннен кейінгі 3 айда түлектердің 55%-ы, ал 6 айдан кейін – 90%-ы жұмысқа орналасады. Олардың 88%-ы өздері өндірістік іс-тәжірибеден өткен кәсіпорындар мен мекемелерге орналасады.

Сонымен қатар университетте студенттерге өндіріс пен бизнес саласында жетістіктерге жетуге көмектесуге арналған көптеген бағыт-бағдарламалар бар. Солардың бірі – Be Smart In Business қауымдастығы. Бұл қауымдастық студенттерге жақсы жерде тәжірибеден өтіп, білімін шыңдауға көмектессе, жұмыс берушілерге білікті мамандарды таңдап алуға көмектеседі.

2017 жылдан бастап университетте «Сәттілік зертханасы» жобасы іске қосылып, жұмыс істеуде. Бұл да студенттерге жұмыс берушілермен жақынырақ танысып, жақсы қызметке орналасуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша нарықтағы кәсіби мамандар өздерінің шеберлік сағаттарын онлайн түрде жүргізіп, студенттерге өздері туралы түйіндемені дұрыс толтыруға, жұмыс берушімен дұрыс келіссөз жүргізуге, этикет пен мінез-құлық нормаларына үйретеді.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту