Ақпарат:

24 сәуір 2025 265

Болашақ осы жерден басталады – Сәтбаев университетінде жасанды интеллекттің тұрақты дамудағы рөлі талқыланды

Болашақ осы жерден басталады – Сәтбаев университетінде жасанды интеллекттің тұрақты дамудағы рөлі талқыланды

Сәтбаев университетінде «Жасанды интеллект тұрақты және инклюзивті болашақ үшін» деген тақырыпта панельдік пікірталас өтті, ол БҰҰ-ның Қазақстандағы Үйлестіруші кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл шара БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде осыдан алты ай бұрын өткен «БҰҰ-ның болашағы» саммитінің жалғасы ретінде болды. Оған студенттер, оқытушылар мен сарапшылар қатысып, жасанды интеллектті болашақ ұрпақтың игілігі үшін қалай пайдалану керектігі туралы талқылады.

Пікірталасты БҰҰ-ның Қазақстандағы үйлестірушісі міндетін уақытша атқарушы Стивен О'Малли ашып, бұл талқылау – жасанды интеллекттің болашағы туралы ғаламдық пікірталастың жалғасы екенін атап өтті:

– «Болашақ саммитінің» ең маңызды нәтижелерінің бірі – жаһандық цифрлық келісім, яғни жасанды интеллектті басқару жөніндегі алғашқы әмбебап келісім болды», – деді ол. – Онда технологиялар адамзатқа пайдасын тигізуі керек делінген, ал біз – үкіметтер, өнеркәсіп, академиялық орта, азаматтық қоғам – бәріміз жауапты инновацияларға қажетті негіздерді әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек».

Талқылау барысында сөз алған спикерлер жасанды интеллекттің қазіргі қоғамда қызмет етуінің әртүрлі аспектілеріне тоқталды, ал Сәтбаев университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының доценті Арай Қасенхан университеттің білім беру саласындағы бастамалары жөнінде қонақтармен бөлісті.

Сәтбаев университеті жасанды интеллектті білім беру мен ғылым саласына енгізудің кешенді экожүйесін әзірледі. Университет ауыл шаруашылығы, экология, қаржы, білім беру және қазақ тілін дамыту бойынша белсенді ғылыми жұмыстар жүргізеді, білім беруде ЖИ-ді қолдану бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді және технологияларды этикалық пайдалану мәселелерін зерттейді. Оқытушылар ЖИ құралдарын пайдалану және сабақты тиімді ету үшін арнайы дайындықтан өтеді. Бұл саладағы ең маңызды жетістіктердің бірі – AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында университетте «Баршаға арналған ЖИ» курсының ашылуы болды.

Осылайша, Сәтбаев университеті жасанды интеллектті білім беру мен ғылыми тәжірибеге біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар технологияларды этикалық тұрғыда қолжетімді етіп, әрі ғылым мен бүкіл қоғамның игілігіне бағыттандыра отырып, оны қолдану үшін жаңа, жауапты мәдениет қалыптастырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту